БАҚ: Мәдениет және спорт министрінің орынбасары ұсталды

Malim Админ

  • 22.02.2021

ҚазТАГ ақпарат агенттігі құпия ақпарат көзіне сілтеме жасап, мәдениет және спорт министрінің орынбасары Сәкен Мұсайбековтің ұсталғанын хабарлады.

"Мұсайбековті "антикор" қызметкерлері ұстады. Ол қазір Алматыда тергеу шараларына қатысып жатыр", - деді құпия ақпарат көзі ҚазТАГ ақпарат агенттігіне.

Бұған дейін премьер-министрдің штаттан тыс кеңесшісі Ербол Еділов Telegram-арнасында Сәкен Мұсайбековтің ұсталғанын, оны Нұр-Сұлтан – Дубай рейсінен түсіріп алғанын жазған.

Malim.kz бұл ақпараттың рас-өтірігін білу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне хабарласты. Баспасөз қызметінің өкілі Нұрбек Набиев бұл ақпаратты растамады, бірақ терістемеді де. "Бізде бұл бойынша әзірге ешқандай мәлімет жоқ. Бізде апта соңында жедел тергеу шаралары бойынша брифинг болады. Осы сұрақты сол жерде қойсаңыз, агенттік позициясы белгілі болады", - деді Н.Набиев.

Malim.kz бұл мәселе бойынша мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Әсел Серікбаеваға хабарласты. "Бізде ешқандай ақпарат жоқ. Ол кісі 22  ақпан мен 5 наурыз аралығында еңбек демалысында. Басқа ақпарат бізде жоқ", - деп қайырды.

Сәкен Мұсайбеков мәдениет және спорт министрінің орынбасары  қызметін алғаш рет 2015 жылдың ақпаны мен 2019 жылдың қаңтары аралығында атқарды. Ал бұл уақытта мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы болған. Мұсайбеков 2020 жылдың мамырында мәдениет және спорт министрлігіне қайтып оралып, вице-министр болып тағайындалды.

 

Байланысты жаналықтар

Соңғы үкім: Арыстанбек Мұхамедиұлы 11 жылға сотталды

29.02.2024

Арыстанбек Мұхамедиұлы: атып тастаса да мейлі...

16.06.2023

«Мұхамедиұлы жала жапты». Антикор қамаудағы музей директорының сырын ашты

06.06.2023

Арыстанбек үшін Абаевтың оставкаға кетуі мүмкін бе?

01.06.2022

Арыстанбек аман екен

16.05.2022

Әйгілі актриса ескерусіз қалмасын!

01.01.2022
MalimBlocks
Соңғы үкім: Арыстанбек Мұхамедиұлы 11 жылға сотталды

Арыстанбек Мұхамедиұлы: атып тастаса да мейлі...

Бүгін бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы сотта «соңғы сөзін» айтты.

«Мұхамедиұлы жала жапты». Антикор қамаудағы музей директорының сырын ашты

Ұлттық музейдің ақшасын жымқырды деген айыппен қамауға алынған Арыстанбек Мұхамедиұлының таяуда сотта айтқан сөзінен кейін Антикор қызметі мәлімдеме жасады.

Арыстанбек үшін Абаевтың оставкаға кетуі мүмкін бе?

Арыстанбек аман екен

ҚР Ұлттық музейінің баспасөз қызметкері Айдар Қырықбаев бұл ақпаратқа қатысты жауап берді.

Әйгілі актриса ескерусіз қалмасын!

Есімі елге кеңінен белгілі, өнерін халық іздеп жүріп көретін актер Бекжан Тұрыс Мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова мен Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекке өте орынды ұсыныс жасап отыр