«Мұхамедиұлы жала жапты». Антикор қамаудағы музей директорының сырын ашты

Ұлттық музейдің ақшасын жымқырды деген айыппен қамауға алынған Арыстанбек Мұхамедиұлының таяуда сотта айтқан сөзінен кейін Антикор қызметі мәлімдеме жасады.

  • 06.06.2023

Бұған дейін музей басшысына қатысты өткен сот отырысында айыпталушы өзінің жеке мүлкінің өзгеге беру туралы қысым болғанын мәлімдеген. Оның ішінде Астанадағы «Дипломат» қонақүйін антикор қызметкерлері алуға тырысқан әрекеті туралы Мұхамедиұлы «Тергеуде бір мүдде болғаны рас. Антикордың қызметкері бірнеше рет ұсыныс жасап, менің жақындарым «Дипломат» қонақ үйін өзге адамдарға жазып беруді сұрағанын ресми түрде мәлімдеймін» деген-тін.

Бірақ қамаудағы музей басының бұл сөзінен кейін Антикор қызметі де қалыс қалмай, бірден оның жала жауып отырғанын айтып, пікір білдірді.

«Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде бұрынғы мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлына қатысты сот процесінен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерін «Дипломат» қонақ үйін үшінші тұлғаларға қайта жазуға және 111 млн теңге сомасында залалды өтеуге мәжбүрлеу туралы ақпарат пен бейнежазба таратылды. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз», - деді Антикор қызметінің өкілдері.

Антикор өкілдері Арыстанбек Мұхамедиұлын 221 млн теңге жымқырды деген айып қазіргі уақытта түрлі дәлелдермен анықталған. Енді оның лауазымды қызметтегі әрекетін прокуратура органдарымен келісе отырып,  қорытынды шешімді сот беретін атады.

Сонымен қатар, тергеу барысында жауапкершілікті жеңілдету мақсатында ол мемлекет кірісіне айналдырылған 111 млн теңге сомасындағы залалды өтеген.

Мәдениет және спорт министрлігінің бақандай 5 жыл басқарған шенеунік Астанадағы «Дипломат» қонақ үйін рейдерлік басып алды деген күдікке ілінген екен. Мұхамедиұлының өзіне қатысты қосымша эпизод бойынша тергеу аяқталған. Осыдан кейін  Мұхамедиұлы сотталушыларына аталған жағдай бойынша сот пен жұртшылықты түрлі ойға қалдырып, жауапкершіліктен жалтару мақсатында айтқан деп айтып отырған болуы мүмкін деседі... Қазір Мұхамедұлын жала жапты деп айыптаған Антикор осы дерек бойынша тағы да тергеуді бастау үшін кеңесіп жатқанға ұқсайды.

Айтпақшы, екі жыл бұрын бостандықта жүрген кезінде Арыстанбек Мұхамедиұлы сұхбат беріп, өзінің Алматы мен Астанадағы жылжымайтын мүліктері туралы айтқаны бар. Ол өзінің қисапсыз байлыққа қалай жеткені туралы түрлі әңгімелер айтып, жұрттың таңдайын қақтырған. Табысты бизнесінің бірі «Дипломат» қонақүйі енесінің атында екенін де жеткізіп, өзінің жастайынын еңбексүйгіш екенін майын тамыза әңгімелеген еді.

Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі Ғалия Ысқақова  «Alem corporation» ЖШС сынды алып корпорацияның жалғыз иесі саналады. «Alem corporation» атты сайтта корпорацияға Alem Educational Systems, Alem Languages, қазақстандық Швейцария-Американдық туризм және қонақжай ісі колледжі, «Дипломат» қонақ үй, бинес және экспо орталығы", «Қазақ энциклопедиясы», «Дипломат» қонақ үйіндегі The Family кафесі, Alem tutor және Alem travel компаниялары кіретіні жазылған.

«Астанадағы «Дипломаттың» 71%-ы енемнің атында. Оны біз 2020 жылы сатып алдық. «Bali Spa» орталығы «Дипломаттың» бір бөлігі ғой. Декларациямыз бар. Мен жастайымнан еңбекқор адаммын. 2000 жылы Астанаға көшіп келгенде әйелім екеуміз «Якутские бриллианты» деген дүкен ашқанбыз. Себебі оның үлкен ағасы Якутияда тұратын. «Intercontinental» қонақ үйінің ішінен орын жалға алып, кәсіп бастадық. Әрі қарай тағы түрлі ұсыныстар болды. Сосын газ компаниясымен айналыстық. Қазір басқа дүниелер алу үшін ол компаниядан шықтық. Егер осының бәрін жасыратын болсам дүниемді оффшорға тығар едім ғой», - деген Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Айта кететін бір жайт, Арыстанбек қызметте болған кезінде қаржы полицияны оны тексергенімен, заңсыз ештеңені анықтай алмаған дейді... Оның отбасында адамдар, әсіресе Арыстанбектің қызы да дәулеттен құр алақан емес. Әкесі сұхбатында қызының бас қаладағы «Шапағат» базарында қомақты үлесі барын айтқаны ел есінде ешқашан ұмытылмайтын шығар.

«Тұңғыш қызым Айжан Мұхамедиге ұсыныс болған соң, жақын араласып жүрген азаматтармен бірге «Шапағат» базарын алдық. Оның 45%-ы Айжанға тиесілі. Бизнес түрінде емес, достық қарым-қатынас болсын деген ырыммен алынған дүние ғой. Министр болып жүргенде алсақ «бұл қалай» деуге болар еді. Айжан қызымды биыл тұрмысқа берген кезде  «Шапағат» базары сыйлықтың бірі болды», – деген еді А. Мұхамедиұлы.

Бір жылдан беру қамауда отырған оның алдағы тағдырын сот шешеді. Алайда оның қымбат мүліктерінің иесі алда ауыса ма әлде оның өзінде қалатыны уақыт еншісінде. Бұдан бөлек Алматыда жеке колледжі мен бұрын мемлекет меншігінде болған мекемеге ие болған Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты дау-дамай мен тергеу істері әлі талай құпияның бетін ашатын сияқты.

Байланысты жаналықтар

Соңғы үкім: Арыстанбек Мұхамедиұлы 11 жылға сотталды

29.02.2024

Арыстанбек Мұхамедиұлы: атып тастаса да мейлі...

16.06.2023

Арыстанбек үшін Абаевтың оставкаға кетуі мүмкін бе?

01.06.2022

Арыстанбек аман екен

16.05.2022

А. Мұхамедиұлы: қызымда базар, енемде қонақүй, әйелімде компания, баламда колледж бар...

23.04.2021

Оразхан Кенебаев: «Мәдениетті насихаттау – ұлтты сақтау»

06.04.2021
MalimBlocks
Соңғы үкім: Арыстанбек Мұхамедиұлы 11 жылға сотталды

Арыстанбек Мұхамедиұлы: атып тастаса да мейлі...

Бүгін бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы сотта «соңғы сөзін» айтты.

Арыстанбек үшін Абаевтың оставкаға кетуі мүмкін бе?

Арыстанбек аман екен

ҚР Ұлттық музейінің баспасөз қызметкері Айдар Қырықбаев бұл ақпаратқа қатысты жауап берді.

А. Мұхамедиұлы: қызымда базар, енемде қонақүй, әйелімде компания, баламда колледж бар...

Оразхан Кенебаев: «Мәдениетті насихаттау – ұлтты сақтау»