«Бес мың доллар сұрады». Актер Алмат Сақатов атақсыз жүргеніне Арыстанбек Мұхамедиұлын айыптады

Ол экс-министрдің ықпалымен атаққа қол жеткізбегенін айтады.

Сабина Асқарқызы

  • 05.06.2024

Танымал актер Алмат Сақатов Ashyq podcast youtube арнасына берген сұхбатында атақ мәселесі туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Malim.kz.

Актер өзінің атақ ала алмай қалғанына бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысы барын атап өтті.

Мен кезінде атақ алуға ұмтылып көрдім. Жігіттер екі рет ұсынды. Бір жолы бір жігіт "Бес мың доллар берсең, ертең-ақ алып беремін" деп айтты. Атақ үшін бес мың беріп не қылам дедім, онсыз да жұмысымды істеп жатырмын. Азды-көпті ел біледі. "Маған өйтіп сатып алған атақ керек емес" деп бас тарттым. "Мынау Арыстанбек министр отырғанда сен өтпейсің" деп айтқан адамдар болды. Себебі кезінде жас кезімізде ұстасып қалғанбыз, - дейді актер.

Оның айтуынша, «Бауыржан шоу» театрында өнер көрсетіп жүрген кезінде экс-министрмен келіспей қалған.

«Бауыржан шоудың» дүркіреп тұрған кезі, кеудемізге нан піспек түгілі, наубайхана болған. Сондай кездерде әлгі министрмен ерегісіп қалғанбыз. Оның да кінәсі болды, негізі. Бәлкім сол есінде қалып қойды ма екен. Соны бір кездескенде өзінен сұраймын деп жүргем. Бірақ қазір арғы жаққа кетіп, отырып қалды ғой, – деді Алмат Сақатов.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттады

20.05.2025

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 13-14-ші хат

09.05.2025

Димаш Құдайбергеннің қарындасы болашақ күйеуінің суретін көрсетті

01.05.2025

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қабірхана есігі көпшілікке қайта қойылды

24.04.2025

Димаштан басқа Қазақстанды әлемге кім танытады? Министрдің жауабы

24.04.2025

Он жасқа қартайған сияқтымын – Салтанат Бақаева

24.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттады

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 13-14-ші хат

Мeмлeкeт басшыларынан бастап, жeргiлiктi əкiмтайға дeйiн қазақша сөйлeмeсe, бұл тiлдe рeсми құжаттар жүргiзiлмeсe – oның нeсi мeмлeкeттiк тiл?! Басқа-басқа, Кoнституцияның өтiрiк айтқаны – өлгeнi ғoй. Нe бoлмаса, Кoнституция қағидасын oрындамай oтырғандар oңбаған. Eкiнiң бiрi. Мiнe, бұл əдiлeтсiздiккe нeгiздeлгeн қoғамның нышаны

Димаш Құдайбергеннің қарындасы болашақ күйеуінің суретін көрсетті

Раушан Құдайбергеннің таңдауы актер жігітке түскен

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қабірхана есігі көпшілікке қайта қойылды

Димаштан басқа Қазақстанды әлемге кім танытады? Министрдің жауабы

Министрдің айтуынша, ол – жас опера әншісі Айгерім Алтынбек

Он жасқа қартайған сияқтымын – Салтанат Бақаева

Актриса продюсерлікті қолға алған.