Қордай қақтығысы: Айыпталушылар 20 жылға дейін сотталуы мүмкін

Malim Админ

  • 14.04.2021

Таразда Қордай қақтығысына қатысты өтіп жатқан сот поцесінде прокурорлар соттан айыпталушыларға 18-20 жылға дейін жаза тағайындауды сұрады.

Сотта айыптаушы тарап ұлтаралық жанжалға қатысы бар делінген күдіктілерге 2 жыл шартты жазадан бастап, 18-20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына дейін сұраған.

Сәуірдің 13-і күні Қазақстандағы дүнгендер қауымдастығының төрағасы Хусей Дауров прокурорлардың айыпталушыларға сұраған жазасына байланысты өзінің Facebook парақшасында мәлімдеме жасады. Онда ол сұралған жазаның тым ауыр әрі әділетсіз екенін айтқан.

Қордайдағы ұлтаралық жанжалға қатысты сот процесі 2020 жылдың желтоқсан айында басталған. Сотқа 51 айыпталушы және 60-тан астам адвокат қатысуда.

Айыпталушыларға ҚР Қылмыстық кодексінің «Адам өлтіру» (99-бап), Қарақшылық (192- ба), Қорқытып алу (194-бап), "Жаппай тәртіпсіздік" (272-бап), "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" (287-бап) бойынша айып тағылған.

2020 жылдың 7 ақпанында Жамбыл облысының Қордай ауданында қазақтар мен дүнгендер арасында қақтығыс болып, салдарынан 11 адам көз жұмған. Тергеу барысында 120-дан астам қылмыстық іс қозғалған. Ресми мәлімет бойынша, жанжал кезінде 164 үй мен сауда орыны және 100 автокөлік қираған. 342 адам жәбірленуші деп танылған.

Байланысты жаналықтар

Қордай оқиғасының шығыны – 1 миллиард 7 миллион теңге

11.02.2020

Жамбыл облысындағы қуаңшылық: "Шабатын шөп жоқ"

01.07.2021

Сапарбаевтың орынбасарының лауазымы «Jas Otan»-да жыл сайын өсіпті

13.04.2021

Дүңгендер кім және қайдан келген?

08.02.2020

Жамбылдағы жарылыста қайтыс болғандардың отбасына 15 миллион теңгеден беріледі

01.09.2021

Жамбыл облысында жұмыспен қамту 130 пайызға орындалыпты

18.08.2020
MalimBlocks
Қордай оқиғасының шығыны – 1 миллиард 7 миллион теңге

Жамбыл облысындағы қуаңшылық: "Шабатын шөп жоқ"

Сапарбаевтың орынбасарының лауазымы «Jas Otan»-да жыл сайын өсіпті

Дүңгендер кім және қайдан келген?

Жамбылдағы жарылыста қайтыс болғандардың отбасына 15 миллион теңгеден беріледі

Жамбыл облысында жұмыспен қамту 130 пайызға орындалыпты