Мұнай бағасы құлдырады. Бұл теңгені де тербетіп жіберді

  • 09.03.2020
  • Malim Админ

Бүгін қор биржаларында мұнай бағасы бірнеше секундта 30 пайызға бір-ақ құлдырады. Brent баррелі 45 доллардан бір мезетте 31,02 долларға түсті. Қазір Brent баррелі 32,83 долларға сатылып жатыр.

Бүгін елімізде демалыс күні болғандықтан, қор биржасы жұмыс істемейді. Ұлттық банктің бүгінге белгілеген доллардың айырбастау бағамы – 382,05 теңге. Бірақ еліміздің кей айырбастау пунктеріндегі доллар бағамы 397 теңгеге жетті.

Мұнай бағасы соңғы 30 жылда бұлайша құлдырап көрмеген. Ресейде доллар 72,23 рубльге сатылып жатыр.

Мұнай бағасының төмендеуі өткен жұма күні басталған. Бұған Ресей мен ОПЕК елдерінің мұнай өндіру көлемін қысқарту жөніндегі келісімге келе алмауы себеп болды. Бұл ОПЕК пен Ресей арасындағы 2016 жылғы мұнай өндіру көлемі жайлы келісім 1 сәуірде тоқтайды деген сөз.

Келісімге келе алмаған соң, әлемдегі ең ірі мұнай өндіруші Сауд Арабиясы сауда соғысын бастап, импортерлерге арзан бағаға мұнай сата бастады. Бүгінде Сауд Арабиясы күніне 9,7 миллион баррель мұнай өндіреді. Bloomberg агенттігінің жазуынша, Сауд Арабиясы қажет болса тәулігіне 12 миллион баррель өндіреміз деп отыр.

Goldman Sachs сарапшылары Ресей мен ОПЕК арасындағы сауда соғысынан мұнай баррелінің бағасы 20 долларға түсуі мүмкін деп болжайды.  Сауда соғысынан алыс Қазақстан "екі түйе сүйкенсе, шыбын өледінің" керін тартып тұр.

 

Байланысты жаналықтар

"Көше партиясы" тіркеуге құжат тапсырмақ

29.04.2020

Қыл үстіндегі қауіпсіздік: Орталық Азияда су үшін талас басталды ма?

04.05.2021

Күдігі көп кеңес: Қырықпышақ оппозиция, Құлыбаев партиясы және сатқындық

17.03.2021

Алтынбек Сәрсенбайұлының сотында Рашид Түсіпбековтің берген жауабы

11.02.2021

Президент үндеуі: Қазақ шекарасына 100 жыл

30.05.2020

Үш қыз - Қазақстандағы ең ықпалды әйелдер

06.03.2020