Әкімдіктер салауатты өмір салтын насихаттауға миллиондар жұмсайды

Облыс әкімдіктері салауатты өмір салтының пропагандасына ондаған миллион теңге жұмсайды.

Malim Админ

  • 27.04.2021

Облыс әкімдіктері салауатты өмір салтының пропагандасына ондаған миллион теңге жұмсайды. Салауатты өмір салтын ұстану туралы парақшалар басып тарату, спортты ақпарат құралдарына насихаттау үшін қай әкімдік қанша ақша жұмсағанын анықтап көрдік.

Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаменті 26 сәуір күні мемлекеттік сатып алулар порталында салауатты өмір салтының пропагандасын аймақтық телеарнада жүргізу үшін 14,6 миллион теңгеге тендер жариялады.Тендерді ұтып алатын өнім беруші әртүрлі іс-шаралар, спорттық жарыстар өткізіп қана қоймай, телеарнада сюжет пен бағдарлама шығаруы тиіс. Оны былай қойғанда, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізіп, газет-журналдарға мақала шығаруы қажет. Бұдан бөлек 67 мың дана парақша, 10 мың буклет, 98 бильборд дайындайды.  Облыстық телеарнада 12 минуттық "Жандауа" телебағдарламасын дайындап көрсетеді.

Ал Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт департаменті әлеуметтік желіде спортпен шұғылдануды насихаттауға бюджеттің 8,1 миллион теңгесін жұмсады. Өнім берушінің 2000-нан астам жазылушысы бар Youtube-арнасы, Instagram әлеуметтік желісінде 100 000-нан астам, Facebook әлеуметтік желісінде 2000-нан астам, ал Telegram желісінде 3000-нан астам жазылушысы болуы керек. Өнім беруші фильмдер, клиптер мен іс-шаралардың бейне есептерін шығарады. Тендерді Aqmola Connect ЖШС ұтып алды.

Ал Маңғыстау облысы әкімдігіне қарасты денсаулық сақтау басқармасы салауатты өмір салтының пропагандасына арналған іс-шараларға бюджеттің 35 миллион теңгесін жұмсамақ. Өнім беруші жұқпалы аурулардың алдын алу,  отбасын жоспарлау, контрацепция сұрақтары, психикалық денсаулықты қорғау т.б. бойынша іс-шаралар, ұлттық күндер, онкүндіктер, тренингтер, семинарлар, акциялар мен спорт жарыстарын өткізеді. Билбордтар мен баннерлерді жасап орналастырады. Бейнероликтер дайындап, қоғамдық орындардағы LED мониторларда орналастырады.

Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы салауатты өмір салтының пропагандасына арналған іс-шараларға бюджеттің 25,8 миллион теңгесін жұмсады. Тендерді "Центр формирования здорового образа жизни" ЖШС ұтты.

Енді бұл ЖШС «Стоп Covid»  және  «Емшекпен емізу  - бала денсаулығына кілт» кең ауқымды акциясын өткізеді.  Екінші акцияның мәні түсінікті болса, ковидті тоқтату үшін арнайы іс-шара ұйымдастырып, халықты акцияға ұйымдастыру және оған журналистерді шақыру күрделі эпидемиологиялық ахуалды асқындырып жібермей ме? Техникалық ерекшелік құжатына қарағанда, өнім беруші акция өткізу үшін алаң немесе орындарды рәсімдеп, музыкалық аппаратурамен жабдықтайды. Басылым, теледидар, радио, тіпті WhatsApp арқылы халыққа акция туралы хабар таратып, акцияға қатысуға тартады.

Өнім беруші басқа тақырыптарда тренингтер мен семинарлар, дәрігер консультацияларын ұйымдастырады.

Осы шаралар туралы мақалалар дайындап, басылымдарда, интернет порталдарда жариялайды. Аудиобағдарламалар дайындап, радио станцияларда, бейнебағдарламалар әзірлеп оны телеарналарда көрсетеді. Сондай-ақ сыртқы жарнама, әртүрлі тақырыптарда бейнеролик әзірлеп, оны сауда үйлері, тамақтану орындарында көрсетеді. Жалпы көрсету саны – 21 857.

Ал Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы салауатты өмір салтының пропагандасы мен іс-шараларға 29,6 миллион теңге жұмсады. Өнім беруші дұрыс тамақтану, жұқпалы аурулар, қант диабеті, қатерлі ісік, туберкулез, жүрек-қан тамыр аурулары, т.б. аурудың алдын алуға арналған телебағдарламалар, мақалалар мен аудиобағдарламалар дайындап, оны ақпарта құралдарындда орналастырады. Буклет, брошюра, парақшалар дайындап таратады. Семинар, тренинг пен басқа да іс-шаралар ұйымдастырады. Бұл тендерді "Көкшетау теміржол ауруханасы" ЖШС ұтты.

Дәл осындай пропагандаға Қызылорданың денсаулық сақтау департаменті 15,6 миллион теңге жұмсады. Тнедерді "Қоғамдық денсаулық сақтау институты" мекемесі ұтып алған.

Мұны неге жазып отыр десеңіз, ковидпен күреске жауапты бірден-бір мекеме – денсаулық сақтау департаменттері ондаған миллион теңгені спортпен шұғылдану, аурудың алдын алу туралы материалдар мен іс-шараларға емес, дәрі-дәрмек, ИВЛ, індет кезіндегі керек-жараққа жұмсауына болар еді. Кей басқарламалардың адамдарды жинап алып, акция өткізу үшін ақша бөлгені тіпті ақылға қонымсыз.

Фото: Befirst.london

Байланысты жаналықтар

Армения запретила показ передач Соловьева

29.03.2024

Нужна реакция РФ: МИД и парламент Казахстана об имперской риторике на ростелевидении

23.11.2022

«Есірткіге жол жоқ!»

21.08.2020

Біртанов министрлігі пропагандадан бас тартпайды

02.06.2020

Біртановтың пропагандасы қанша тұрады?

01.04.2020
MalimBlocks
Армения запретила показ передач Соловьева

В Армении запретили трансляцию авторских передач «Вечер с Владимиром Соловьевым» и «Воскресный вечер с Владимиром Соловьевым» в мультиплексе телеканала «РТР-Планета», сообщает РБК со ссылкой на заместителя министра высокотехнологической промышленности республики Авета Погосяна.

Нужна реакция РФ: МИД и парламент Казахстана об имперской риторике на ростелевидении

Казахстанские власти не знают, что поделать с очередным высказыванием о претензиях на территориальную целостность Казахстана на ростелевидении.

«Есірткіге жол жоқ!»

Біртанов министрлігі пропагандадан бас тартпайды

Біртановтың пропагандасы қанша тұрады?