Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Министр еліміздің тас жолдарында интернет қашан пайда болатынын айтты

Қоғам
Министр еліміздің тас жолдарында интернет қашан пайда болатынын айтты

Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев ел жолдарында интернет қашан пайда болатынын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Жаслан Мәдиев республикалық жолдарды мобильді интернетпен қамтамасыз ету үшін тиісті цифрлық инфрақұрылым қажет екенін айтты.

Бүгінде әкімдіктер 2025-2026 жылдарға республикалық маңызы бар жолдар бойындағы 243 антенналық діңгек құрылымдарының жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеуде, - деді ол.

Министрдің айтуынша, 13 антенналық діңгек құрылымдары бойынша оң сараптамалық қорытындылар алынған. Тағы 141 антенналық діңгек құрылымдары бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде, ал 84 антенналық діңгек құрылымдары бойынша әкімдіктер 2024 жылдың үшінші тоқсанында жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша конкурстық рәсімдерді бастауды жоспарлап отыр.

Фото: интернеттен

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу