Соңғы тәулікте 109 мың қазақстандық КВИ-ға қарсы вакцина алды

Республика бойынша 2021 жылғы 30 сәуірдегі вакцинациялаудың тәуліктік қарқыны 109 мыңға дейін өсті және ағымдағы жылғы 1 сәуірдегі деректермен салыстырғанда 11 есеге ұлғайды.

  • 01.05.2021
  • Malim Админ

Халықты жаппай иммундау үшін еліміздің барлық емханалары мен ірі сауда орталықтарында 1400 вакцинация пункті ашылды, оның 300-і жылжымалы. Қазіргі таңда 11 мыңнан аса медицина қызметкері вакцинация науқанын өткізуге тартылды.

Сәуір айының соңында 2,3 млн. қазақстандық үшін вакцинацияға қолжетімділік қамтамасыз етілді.

COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші дозасын ерікті негізде 1 293 379 адам және 266457 адам вакцинаның екінші дозасын алды.

Әлемдік рейтингіне сәйкес, Қазақстан 177 елдің ішінде 30 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияланғандардың абсолютті саны бойынша 51-орында тұр.

 

Айта кетейік, вакцинация ерікті негізде жүзеге асырылады және ел тұрғындарының оның үш түрінен бірін (SputnikV, QazVac және HayatVax) таңдау мүмкіндігі бар.

Республика бойынша 2021 жылғы 30 сәуірдегі вакцинациялаудың тәуліктік қарқыны 109 мыңға дейін өскен. Ағымдағы жылғы 1 сәуірдегі деректермен салыстырғанда 11 есеге ұлғайды.

Халық белсенділігінің осы қарқынын сақтау ай сайын шамамен 2 млн.халықты вакцинациялаумен қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазақстанда қолданылатын вакциналар қауіпсіздік пен тиімділікке тексеруден өтті, сондықтан олар коронавирустық инфекцияны жұқтыруға қарсы дәлелденген құрал болып табылады. Бүгінгі таңда тек вакцинация елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік беретінін естен шығармау керек.

Қазіргі уақытта бүкіл әлемде короновирустық инфекцияның таралуының күрт өсуі байқалады. Осылайша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикалық деректеріне сәйкес, ағымдағы жылғы 30 сәуірдегі жағдай бойынша COVID – 19 жұқтырудың 151 104 146 жағдайы тіркелді, оның ішінде 128 987 465 адам қалпына келді, 3 178 208 қайтыс болды, өлім – жітім көрсеткіші 2,1%.

Бір тәулік ішінде 879 586 жағдай тіркелген, коронавирустық инфекциямен ауыратындардың жалпы санының өсуі – 0,6%.

Сонымен қатар, Қазақстанда сырқаттанушылықтың өсуін тұрақтандыру үрдісі байқалады. Соңғы үш апта ішінде ауру орташа есеппен тәулігіне 2,6 мың жағдай деңгейінде сақталады.

Байланысты жаналықтар

Ковидтен кейін үнемі қан қысымын қадағалау керек

30.10.2020

"2021 экология жылы болса"

27.07.2020

Белсенді дәрігер: Біртановты жалған намыс құртты

25.06.2020

ҰБТ: Биыл оқуға түсу үшін ең төменгі балл қанша?

12.06.2020

Нағыз Қазақстан – бұл заманауи, мақтан тұтатын халқы бар тамаша ел

27.10.2020

Коронавирус: Бір күнде 4, бір аптада 21 адам көз жұмды

14.06.2020