Біртанов Бекшиннің мәлімдемесіне қатысты түсінік берді

  • 10.03.2020
  • Malim Админ

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус инфекциясының келуі туралы болжамдарға пікір білдірді. Бұл туралы ол Facebook-тағы парақшасында жазды.

«Құрметті достар! Әлем бойынша коронавирус инфекциясы 115 елге таралды. Олардың арасында бізге көршілес мемлекеттер және тікелей әуе қатынастарын орнатқан елдер де бар. Сонымен бірге, бәріміз сыртқы әлемнен толық оқшауланудың мүмкін еместігін түсінеміз. Еліміздің аумағына инфекцияның енуі ықтимал екенін де жоққа шығармаймыз», - деп жазды Біртанов.

Ол сондай-ақ үкіметтің коронавирус инфекциясын елге кіргізбеу мен таратпау үшін шаралар қабылдап жатқанын айтты. Және бүгін әлеуметтік желілерде көп талқыланған, сынға ұшыраған бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшиннің даулы мәлімдемесіне түсігіктеме берді.

«Бүгінгі таңда Қазақстанда аурудың расталған бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ! Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ж.М.Бекшиннің коронавирус инфекциясының келуі туралы болжамы – біздің ғалымдардың статистикалық модельдеу арқылы жасаған болжамы ғана. Бастапқы деректер ретінде әлемнің түрлі елдерінде жолаушылар тасымалы мен коронавирус инфекциясының таралу көлемі алынды. Түрлі сыртқы факторларды ескере отырып, деректердің үнемі өзгеріп отыратындығын атап өткен жөн. Мәселен, беделді Ланцет журналында коронавирустың Қытайдан әлемдік мегаполистерге таралуы туралы ұқсас болжам жасалды», - дейді Біртанов.

Біртанов сонымен қатар ғалымдар жасаған болжамның іске аспауы да мүмкін екенін ескертті.

Еске салсақ, бүгін Бекшин наурыз айының 11-16 аралығында Қазақстанда коронавирус тіркелуі мүмкін екенін айтты.

Байланысты жаналықтар

«Таңбалы тас» – тарих мұрагері

07.12.2020

Ә. Назарбаева Жаркенттің экологиясымен айналыспақ

29.07.2020

Сәтбаевта "бала зорлады" деген күдікті екі айға қамалды

27.07.2020

Бес баланың өмірін қиған өрттің қайдан шыққаны айтылды

20.02.2021

Оппозицияның орындалмайтын армандары

02.12.2020

Пандемия босқындарға қалай әсер етті? Сарапшы пікірі

17.03.2021