Нұр-Сұлтан жабық қалаға айнала ма?

  • 17.03.2020
  • Malim Админ

Нұр-Сұлтан қаласы карантинге жабылуы ықтимал. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас АХМЕТШӘРІП хабарлады.

Бұл мәлімдемені министрлік өкілі «Ашық алаң» ток-шоуында жариялады. Қазір ресми ақпарат бойынша Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында 27 адамға коронавирус жұққан.

«Б» жоспары бойынша жергілікті басқару органдары мен әкімдік шешеді. Бүгін сондай мәлімет болуы керек. Мүмкін қаланы да жабатын шығар», - деді Диас Ахметшәріп Qazaqstan ұлттық арнасындағы "Ашық алаң" ток-шоуында.

Десе де қаланы карантинге жабу туралы шешімді қала басшысы Алтай КӨЛГІНОВ шығарады. Бүгін денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ астанада 14 адамнан қатерлі вирустың анықталғанын хабарлаған. Тағы бір коронавирусқа шалдыққан қазақстандық Германияда емделіп жатыр.

Фото: tengrinews.kz

Байланысты жаналықтар

Қазақстандағы «маски-шоу»

23.03.2020

Айгүл Орынбек: Президент көп көкейкесті мәселелерге көңіл аударды

01.09.2020

Қарағандыда көп балалы анаға айыппұл салынды

06.02.2020

Кәсіпкерлер несиесін қалай жабады?

25.09.2020

Нұрымбетов Көлгіновтен асып түсейін деп тұр

13.05.2020

Ақтөбе әкімдігі ауруханадағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

21.06.2020