Біртанов 131 адамның коронавирусты қайдан жұқтырғанын білмейді

Malim Админ

  • 30.03.2020

Бүгін кешке онлайн брифинг өткізген денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елде коронавирус індетін 302 адам жұқтырғанын мәлімдеді. Оның екеуі 14 жасқа толмаған балалар.

"Коронавирус жұқтырған 79 адам шетелден келіп ауырғандар. 97 науқас басқа ауырып қалған адамдармен қарым-қатынаста болған. 131 адам осы елде ауырған, себебі белгісіз науқастар", - дейді Е.Біртанов.

Осылайша, ел ішінде жүріп, шетелден келгендермен де, олармен байланыста болғандармен де мүлде ұшыраспаған 131 адамның коронавирусты қайдан жұқтырғанын министрліктің өзі білмейді.

Министр осы ақпараттың негізінде төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссияға  елде карантин шараларын күшейту жайлы ұсыныс жасағанын жеткізді. "Осылайша барлық өңірде карантин шараларын күшейту туралы тапсырма берілді", - дейді ол.

Ауруға шалдыққан 8 адамның жағдайы ауыр, оның төртеуі өкпені жасанды жолмен желдететін құралдарға қосылған. 30 науқастың жағдайы орташа, қалған 244 адам жеңіл немесе ауру симптомдары жоқ көрінеді.

 

Байланысты жаналықтар

Пневмониямен ауырып жатқандарға оттегі жетіспейді

09.07.2020

Цойдың орынбасары: Біртановтың ұсталғаны ауыр тиді

04.11.2020

Аймағамбетов не дейді, Қаринова не дейді?

02.04.2020

Цойдың министрлігі қатесін мойындады

19.05.2021

Біртанов Бекшиннің мәлімдемесіне қатысты түсінік берді

10.03.2020

Тергеуге кедергі келтіргендер істі болды

29.12.2020
MalimBlocks
Пневмониямен ауырып жатқандарға оттегі жетіспейді

Цойдың орынбасары: Біртановтың ұсталғаны ауыр тиді

Аймағамбетов не дейді, Қаринова не дейді?

Цойдың министрлігі қатесін мойындады

Біртанов Бекшиннің мәлімдемесіне қатысты түсінік берді

Тергеуге кедергі келтіргендер істі болды