Карантиндегі Ақтөбеде 200 адам cенбілікке шықты

Malim Админ

  • 07.04.2020

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын ОРАЗАЛИН еліміздегі төтенше жағдайды елемейтін сияқты. Жұрт есік-терезесін қымтап, «үйде бол» деп ұрандатып жүргенде, Ақтөбенің билігі 200 адамның басын қосып сенбілік өткізді.

Ақтөбе қаласында карантин жарияланғанына қарамастан әкімдік бұл сенбілікке 200-ге жуық мемлекеттік қызметкер өз еркімен шықты деп қарап отыр.

«4 сәуір күні Ақтөбеде сенбіліктер ұйымдастырылды. Елдегі төтенше жағдайға байланысты Ақтөбеде шектеу шаралары енгізілгені белгілі. Күн сайын вирустың таралуының алдын алу мақсатында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Бірақ бұл жеткіліксіз. Осыған қоса, бұл жағдайда аулалар аумақтарында, көшелерде санитарлық тазалық жұмыстарын да жүргізу маңызды. Мемлекеттік қызметкерлер мұны түсініп, сенбілікке шығуды ұйғарды», дейді Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Сенбілік өткізуге бірінші болып ұсынысты Тұрғын үй қатынастары бөлімінің қызметкерлері берген көрінеді.

«Қауіптің барын сезінгенімен мемлекеттік қызметкерлер тәуекелге бел буып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, қалада жеке пәтер иелері кооперативтері және кондоминиумдар аулаларды және аумақтарды тазалау жұмыстарын тұрғындарды тартпай, өз беттерімен жүргізуге кірісті», — дейді тұрғын үй қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі Ақнұр ҚАЗБАЕВА. 

Бір қызығы, қала әкімі Асхат ШАХАРОВ бастаған бұл бастамадан облыстық әкімдік хабарсыз болып шықты. Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Аманғали БЕРДАЛИН әріптесінің мұндай қадамын құптамайтынын ғана айтты. Өйткені, ол 200 адам жиналып сенбілікке шықты дегенді естімепті.

«Қазір қалада карантин жарияланды. Сондықтан 200 адам тұрмақ үш адамнан артық жиналуға болмайды», деді Бердалин.

Алайда биліктің бұл сөзіне ақтөбелік тұрғындар сенбейді. Олар төтенше жағдай режимінде сенбілік өткізген әкімдіктегілердің бұл әрекетін тәртіпке бағынбау дейді. Сөздерінше вирус өршіп тұрған кезде 200 қызметкердің өз еркімен сенбілікке шығуы екіталай.

Тағайындалғанына жарты ай жаңа толған қаланың жаңа әкімі тездетіп көзге түсуге құмартып, карантинде қарап жатуға шыдамаған сияқты. Қалада жүргізіліп жатқан дезинфекциялық жұмыстарға көңілі толмай жүрген, самбо мен дзюдодан спорт шебері, самбодан әлем чемпионы деген атағы бар спортшы-әкім қол астындағыларға «үйде жатсаңдар семіріп кетесіңдер» деді ме екен? Әлде, коронавирусқа қарсы күрес жүргізу дегенді өзі айналысқан күрестермен шатастырып алды ма екен?..

Жанар ҚОЖАНОВА

Фотолар автордікі

Байланысты жаналықтар

«Таза Қазақстан»: «Үлбі» зауытының қызметкерлері де экоакцияға атсалысты

18.04.2024

«Таза Қазақстан»: Маңғыстауда «Ыбықты-Сай» шатқалында сенбілік өтті

17.04.2024

«Киелі мекен» акциясына алакөлдіктер де атсалысып жатыр

16.04.2024

«Таза Қазақстан» акциясы: Алматы облысы Жамбыл ауданындағы 61 елді мекенде сенбілік өтті

15.04.2024

Қазақстанда «Шешім журналистикасы лабораториясы» жобасы басталды

28.10.2023

Алматы. "Қуатты өңірлер" бірнеше бағытта дамиды

21.09.2022
MalimBlocks
«Таза Қазақстан»: «Үлбі» зауытының қызметкерлері де экоакцияға атсалысты

Зауыт жұмысшылары қоқыс жинастырып, құрылымның зақымдалған элементтерін қалпына келтірді.

«Таза Қазақстан»: Маңғыстауда «Ыбықты-Сай» шатқалында сенбілік өтті

Миллиондаған жыл бойы жаңбыр мен жел мүжіп, мінсіз мүсіндеген шатқалдар көркімен көз баурайды.

«Киелі мекен» акциясына алакөлдіктер де атсалысып жатыр

Тазалық акциясы аясында түске дейін 3 тоннаға жуық күл-қоқыс шығарылды.

«Таза Қазақстан» акциясы: Алматы облысы Жамбыл ауданындағы 61 елді мекенде сенбілік өтті

Сонымен қатар бүгін дәл осындай сенбілік «Таңбалы» музейінде де болып жатыр.

Қазақстанда «Шешім журналистикасы лабораториясы» жобасы басталды

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоғамдық қоры Ұлыбритания үкіметінің қаржылай қолдауымен «Шешім журналистикасы лабораториясы» жобасы жүзеге аса бастады.

Алматы. "Қуатты өңірлер" бірнеше бағытта дамиды