«Таза Қазақстан»: Шымкентте жоғары экологиялық мәдениет қалыптасқан

«Таза Қазақстан» акциясы әр аймақта жалпыхалықтық эко-челленджге айналды

Мадина Қайнарова

  • 16.10.2024

Елімізде көктемнен бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жүріп жатыр. Бұл – тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастама. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында осылай деді.

Бірнеше айдың ішінде бұл акцияға 3 миллионға жуық азамат атсалысты. Жүздеген мың үйдің ауласы тазартылып, 1 миллион тоннадан астам қоқыс жиналған болатын.

 «Таза Қазақстан» акциясы әр аймақта жалпыхалықтық эко-челленджге айналды. Ал оның өңірлерде сапалы жүзеге асуына жергілікті жердің әкімдері тікелей жауапты.

Науқан бес айға созылды, дегенмен қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету елдің әр өңіріндегі тұрғындар үшін әдетке айналғандай.

Шымкент қаласының тұрғындары бұл тазалық акциясында аса белсенділік танытты. Шымкенттіктер Мемлекет басшысының экологиялық мәдениетті қалыптастыру жөніндегі бастамасына жан-жақты қолдау көрсетіп, «Таза көше – Таза аула», «Бұлақ көрсең көзін аш», «Таза жағалау» ұранымен қала тұрғындары мен қонақтарына тазалық мәдениетін қалыптастыруды да насихаттады. Қаланың шағын аудандарында және көпқабатты үйлердің аулаларында, су көздерінің жағалауларында тазалық жұмыстары жүргізілді.

Маусым айының өзінде Шымкент қаласының 154 мыңнан астам тұрғыны, сондай-ақ 6002 өндірістік және кәсіпкерлік нысандар мен 603 әлеуметтік мекеменің ұжымдары жұмылдырылып, 8 мың шақырымнан астам көше, 9 мың шақырым тротуар және 724 шақырым суару жүйелері, каналдар мен арықтар тазартылды. 6591 тонна қоқыс шығарылды. Сондай-ақ жаяу жүргіншілер жолдарын сырлау және жол жиектерін тазалау жұмыстары жүргізілді. «Таза Қазақстан» акциясына Шымкент қаласының 154 мыңнан астам тұрғыны, сондай-ақ 6002 өндірістік және кәсіпкерлік нысандар мен 603 әлеуметтік мекеменің ұжымдары жұмылдырылды. Акция барысында 8 мың шақырымнан астам көше, 9 мың шақырым тротуар және 724 шақырым суару жүйелері, каналдар мен арықтар тазартылды. 6591 тонна қоқыс шығарылды. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолдарын сырлап, жол жиектерін тазартты. Одан бөлек, қалада 440 мыңнан астам ағашты әктеу және 153 мыңнан астам ағашты санитарлық кесу жұмыстары жүргізілді. 11657 ағаш көшеттері мен 789 көшет отырғызылды.

Шымкенттің Асар шағын ауданының тұрғындары акцияға сәуір айынан белсенді қатысып, көшелерді, аулаларды және екі демалыс аймағын тазалады. Бүкіл отбасымен бірге сенбілікке шығып жатқандар да болды.

Еңбекші ауданындағы көпқабатты үйлердің аулаларында да «Таза аула» акциясы өткізіліп, аулаларды ретке келтіру, тазалау, қоқыстарды шығару, қоршаулар мен орындықтарды сырлау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ дәл осындай акция «Бадам-1» шағын ауданының аумағында да ұйымдастырылып, тұрғындар елді мекен аумағын тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстан тазартып, жол жиектеріндегі шөптерді орып, ағаш бұтақтарын тазалады.

Шілде айында Қошқар ата өзенінің жағалауында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Оған Тұран ауданының коммуналдық мекемесінің қызметкерлері мен аудан тұрғындары және «Жасыл ел» еңбекші жастары қатысты. Қаланың орталығын кесіп өтетін Қошқар ата өзенінің жағалауы – шымкенттіктердің сүйікті демалыс орны. Іс-шарада Кремлевская көшесінен Абай көшесіне дейінгі өзен бойындағы түрлі қоқыстарды, қураған ағаштар қырқу, шөптерді ору және өзеннің суымен жиналған түрлі қалдықтарды тазалап, су көздерін ашу жұмыстары атқарылды. Тазалық жұмыстарына 10-нан астам техника мен 100-ге жуық маман жұмылдырылды.

Қаратау ауданындағы Нұртас шағын ауданында тұрғындар мен белсенді жастар өздерінің аулаларын және іргелес аумақтарды ретке келтірді, қоқысты шығарып, қураған ағаштарды кесті, қоршаулар мен орындықтарды сырлады. Осы ауданның Қайтпас шағын ауданында өткен «Таза көше» атты іс-шараға 120-дан астам аудан тұрғыны, 8 техника жұмылдырылып, 18 тонна қоқыс шығарылған болатын.

Тамыз айында Абай ауданына қарасты Шымсити шағын ауданында «Таза аула» атты тазалық іс-шарасы ұйымдастырылып, оған Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшелері, аудан ардагерлері, «Жасыл ел» еңбек жасақтары, ерікті жастар мен тұрғындар барлығы 150-ден астам адам қатысты.

Мұндай тазалық жұмыстары Шымкент қаласына қарасты барлық аудандарда жаз бойы ұйымдастырылды.

Науқан қыркүйекте де жалғасын тауып, «Таза Қазақстан» акциясы аясында Дүниежүзілік тазалық күніне орай тағы бірқатар шаралар өткізілді.  Абай ауданының тұрғындары мен «Жасыл ел» еңбек жасақтары Ынтымақ шағын ауданында орналасқан әужайдың жаңа терминалының маңын тазаласа, Әл-Фарабилік тұрғындар Қошқар ата өзенінің, Еңбекші ауданының белсенді тұрғындары «Орманшы» тұрғын алабындағы «Шымкент» каналы бойында «Таза жағалау» атты экологиялық іс-шарасын ұйымдастырды. Нұрсәт шағын ауданының тұрғындары мен еңбек ардагерлері «Таза аула» ұранымен шықса,  Құрсайлық тұрғындар  халықаралық А2 автодәлізі бойын тазалады. Сондай-ақ үнемі белсенділіктерімен танымал Асар шағын ауданының тұрғындары да өз үлестерін қосып жатты.

Осылайша, шымкенттіктер «бұл акция - өз қаламызға деген жанашырлықтың көрінісі» деген қағидатты ұстанатындарын көрсетті.

Фото: Шымкент қаласының әкімдігі 

Байланысты жаналықтар

Үкіметте «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы бекітілді

09.11.2024

Өскеменде студенттер экологиялық сауаттылығын арттырады

30.10.2024

Шымкенттегі ауқымды сенбілікте 8 мың текше метрден астам қоқыс шығарылды

26.10.2024

Республиканская экологическая программа «Таза Қазақстан» в Шымкенте: город объединился ради экологии

17.10.2024

Елімізде бір күнде 256 тонна қоқыс жиналды

04.08.2024

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясы белсенді түрде жалғасып жатыр

02.08.2024
MalimBlocks
Үкіметте «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы бекітілді

Онда экология бағыттары бойынша индикаторлар қойылған

Өскеменде студенттер экологиялық сауаттылығын арттырады

«Таза Қазақстан» бағдарламасы бойынша 204 саябақ пен сквер, 323 тарихи-мәдени ескерткіш пен 859 әлеуметтік нысан тазартылды

Шымкенттегі ауқымды сенбілікте 8 мың текше метрден астам қоқыс шығарылды

Қала тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты

Республиканская экологическая программа «Таза Қазақстан» в Шымкенте: город объединился ради экологии

Елімізде бір күнде 256 тонна қоқыс жиналды

«Таза Қазақстан» ұлттық онкүндік басталды

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясы белсенді түрде жалғасып жатыр

Акцияның негізгі мақсаты - қоршаған ортаны өзгерту, таза және әдемі ету.