42 500 теңге алған тұрғындар алғыстарын білдіріп жатыр

  • 18.04.2020
  • Malim Админ

Коронавирус індетіне байланысты елімізде жарияланған төтенше жағдайға орай табысынан айырылған тұрғынның бірі Ералы Көпжасаров. Алакөл ауданының тұрғыны әлеуметтік желі арқылы көрсетілген көмек үшін алғысын білдірді.

«Мен Үшарал қаласының тұрғынымын. Еліміздегі төтенше жағдайға орай табысымнан айырылып қалдым. Өзім киім-кешек сататын Алматыдағы жеке компаниялардың бірінде жұмыс істейтінмін. 42 500 теңгеге өтініш бердім. Қаражат үш күннің ішінде түсті. Осындай қиын сәтте халқына көмек берген Үкіметке үлкен алғысымды білдіремін», - деді Алматы облысындағы Алакөл ауданының тұрғыны Ералы Көпжасаров. Мемлекеттің қолдауына ие болып, жәрдемақыны алған 3 баланың анасы Нүрилям Марипова да көмек дер кезінде көрсетілгенін жеткізді. «Үкіметке өзімнің алғысымды білдіргім келеді. 42 500 теңге қаржылай көмекті алдым. Күн-түн демей халқы үшін жұмыс істеп жатқан Президентке ризашылығымды білдіремін. Дәрігерлерге де, бәріне рахметімді айтамын. Бәрімізге кішкене болсын көмек болды. Бұл жәрдемақыға азық-түлік аламыз», - деді Ұйғыр ауданының тұрғыны Нүрилям Марипова. Айта кетейік, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімемтінше, жәрдемақы ең көп тағайындалған өңірлердің алдыңғы қатарында Алматы облысы тұр. Бұл өңірде 42500 теңгеден 520 мың адам алды. Ал жалпы өтініш бергендердің саны - 846,5 мың. «42 500 теңгені алғанда ең бірінші осындай сәтте әр тұрғынның жағдайын ойлаған мемлекет басшысының саясатына риза болдым. Осындай үрейлі кезеңде әр деңгейдегі азаматтарға беріліп жатқан қаражат қаншама отбасына қуаныш сыйлады. Көкірегімде тек «Рахмет« деген сөз. Табысымнан айырылып, үйде отырған кезде мемлекеттің біз сияқты жандарға айтарлықтай көмегі тиді», - деді Балқаш ауданындағы Желтораңғы ауылының тұрғыны Қадыржан Керейбаев.

Байланысты жаналықтар

Біз мұнайшыларға, мұнайшылар үкіметтің аузына қарап отыр

28.05.2020

Мәсімов ресейлік спортшыға жанкүйер

25.10.2020

Әсия Төлесованың үстінен қылмыстық іс қозғалды

09.06.2020

Биыл браконьерлер көп

30.07.2020

Коронавирус: вакцина салу керек пе?

16.02.2021

«Президент елдің көкейіндегі сөзді айтты»

10.07.2020