Әкім Әбдіқалықоваға адвокат керек емес пе?

Malim Админ

  • 21.04.2020

Қызылордадағы адвокаттар алқасы өңірдің бас санитар дәрігері Әлия ӘДІҚАЙЫМОВАНЫ  сотқа бермекші. Өйткені елімізде төтенше жағдай жарияланғалы қаулыларды қарша боратқан бас санитар өзінің бекіткен ережелерінде адвокаттарды мүлде елемейді екен.  Анығын айтсақ, осы кезге дейін жарияланған 10 қаулының  бірінде де адвокаттарға қатысты ештеңе жазылмаған. Яғни бекітілген тәртіп бойынша қала ішінде немесе облыс көлемінде емін-еркін жүре алатын қоғамның тыныс-тіршілігіне және өмір сүруіне қажетті делінген саланың қызметкерлері арасында адвокаттар жоқ.

«Біздің Қызылорда облысының адвокаттары көшеде жүріп-тұруына , облыс бойынша жолдардағы блок-посттардан кедергісіз өтуге жататын қызметкерлер қатарына кірмей отыр.Бұл жағдай айналып келгенде адвокаттардың ғана емес, адамның құқығын бұзу болып табылады. Себебі қазір қылмыстық істер тоқталып жатқан жоқ», - дейді адвокат Мейірбек ДАУБАЛАЕВ.

Осылайша Қызылорда облысы адвокаттар алқасының мүшелері  карантин кезінде жұмыстарының шектеліп, құқықтарының тапталғанына наразы. Ал облыстың бас санитары қаулы шығаруға құзіретті болғанымен, карантин кезінде көшеде жүріп-тұруға ерік берілгендердің тізімін құрылған комиссия жасақтайтынын  әлеуметтік желіде жазған. Ал төтенше жағдайлар  комиссиясын  облыс әкімі  Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВАНЫҢ өзі басқарып отыр.

Оқи отырыңыз:

Сотқа сенбейтін Сейсембайды

әлеуметтік желі қорғай ма?

 

 

Адвокаттар осы кезге дейін берген өтініштері мен ұсыныс хаттарының бірде-біріне жауап болмағандықтан ғана сотқа жүгінуге мәжбүрміз дейді.

Фото: 2018.strategy2050.kz

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

Байланысты жаналықтар

Жедел жәрдем: Мамин екі сөйлеп отыр ма?

19.05.2020

Мал қора маңындағы мектеп

04.11.2020

Соғыстан кейін Совет әскері қайыр тілеп кетті

08.05.2020

Әкім Қуанышбек Ысқақов 18 миллионға кілем алмақшы

28.02.2020

Мәдениет және спорт министрлігі Әуезовке мән бермей отыр

20.01.2021

Әкімнің қызы президенттен әділдік күтеді

15.01.2021
MalimBlocks
Жедел жәрдем: Мамин екі сөйлеп отыр ма?

Мал қора маңындағы мектеп

Соғыстан кейін Совет әскері қайыр тілеп кетті

Әкім Қуанышбек Ысқақов 18 миллионға кілем алмақшы

Мәдениет және спорт министрлігі Әуезовке мән бермей отыр

Әкімнің қызы президенттен әділдік күтеді