Мақтааралда екі премьер-министр құрылысты бастап кетті

Malim Админ

  • 10.05.2020

Айына бес мәрте оңтүстікке табаны тисе, Түркістаннан аттап шықпайтын премьер-министр Асқар МАМИННІҢ бұл өңірде қызмет бабымен міндетті түрде баратын ауылы көбейгендей. Әр қиындықтың бір қайырымы бар дегенге салсақ, аралайтын ауылы көбейген Асқар МАМИНГЕ бұл сапардың бір пайдасы өзбек әріптесімен «гәпіріп» қалмақ.  Үкімет басшыларының бұлайша бас қосуы екі ел арасындағы қарым-қатынасты жетілдіре түспек.

Сонымен, үкіметтің баспасөз қызметінің хабарынша,  Қазақстан мен Өзбекстан премьер-министрлері Түркістан облысының Мырзакент ауылында жаңа шағын ауданның құрылысын бастап берген. Сондай-ақ, қолына күрек ұстаған Асқар Мамин  үй ірге тасына темір бұрап жатқан   Өзбекстаннның премьер-Министрі Абдулла Ариповпен кездесу өткізіпті. 

Одан кейін, үкімет басшылары Мақтаарал ауданының су басқан аумақтарын аралап көріп, Жаңажол ауылдық округінің Нұрлыжол, Өргебас және Фирдоуси ауылдарында болып, су тасқыны салдарын жою аясында жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысқан.

Екі премьер-министр әр ауылдағы тұрғындармен кездесу өткізген.

-Барлығы Мырзакент кентінде су тасқынының салдарынан зардап шеккен Жеңіс, Жаңа тұрмыс, Достық елді мекендерінен 500 отбасы үшін жеке тұрғын үйлер, мектептер, балабақша мен фельдшерлік пункттер салу жоспарланған. Құрылыс жұмыстарын ҚР және ӨР мамандары бірлесіп жүргізетін болады,- дейді баспасөз қызметі.

Премьер-Министр мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша су тасқынынан зардап шеккен Түркістан облысы Мақтаарал ауданының тұрғындары жаңа немесе жөнделген баспанамен толық қамтамасыз етілетінін атап өтіпті. Олардың әрқайсысына республикалық бюджеттен 100 мың теңгеден беріледі. Сонымен қатар іскерлік топ өкілдері зардап шеккендерге демеушілік көмек көрсетпек.

Байланысты жаналықтар

Көлгінов вице-премьер болады екен...

25.12.2020

Жедел жәрдем: Мамин екі сөйлеп отыр ма?

19.05.2020

«Короновирус жоқ Қазақстанда кинотеатрлар жабылмасын»

13.03.2020

Патронсыз Қазақстан: 28 миллиардтық зауыт сатылатын болды

31.03.2021

Цой Маминға карантиндік шараларды тоқтатуды ұсынды

28.07.2020

Мамин Сапарбаевтың інісін жаңа қызметке тағайындады

02.04.2021
MalimBlocks
Көлгінов вице-премьер болады екен...

Жедел жәрдем: Мамин екі сөйлеп отыр ма?

«Короновирус жоқ Қазақстанда кинотеатрлар жабылмасын»

Патронсыз Қазақстан: 28 миллиардтық зауыт сатылатын болды

Цой Маминға карантиндік шараларды тоқтатуды ұсынды

Мамин Сапарбаевтың інісін жаңа қызметке тағайындады