Нәтижесіз сот, қираған үй, өтемақысыз халық

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 18.05.2021

Арыс халқы жарылыстан кейін берілген өтемақысын әлі күнге дейін ала алмай жүр.

Арыс қаласының халқы 2019 жылы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардабын әлі көріп жатыр. Халық жарылыс салдарынан қирған жеке үйлері мен бизнес нысандарын қалпына келтіруге берілетін өтемақыны 3 жылға жуық уақыт өтсе де, әлі күнге дейін ала алмай жүргендерін айтады.

Жарылыстан кейін үйі мен бизнес нысаны қирап қалған Ұбайдулла Сүлейменов сөзінше, өзіне тиесілі қаржыны ала алмай жүрген адамдардың саны қанша екені белгісіз. Ол жергілікті әкімдік тізімді көрсетпейді және әркезде әртүрлі  сан айтады.

«Әкімдік біресе 17, біресе 18, біресе 20 адам дейді. Мейлі 20 адам бола қойсын. Бірақ сол 20 адамның өзіне беріп болатын уақыт болды. Біз тізімде нақты қанша адам бар екенін білмейміз. Бизнес нысандар бойынша 48 адам әлі өтемақысын алған жоқ. Арыстан 10 шақырым жерде менің інім тұрады. Үйі бытшыт болған. Әлі берген жоқ ақшасын. Былтыр 2 миллион ақша жинап, екі бөлмелі үйін салып бердік... Бұлар менің қирған бизнес нысанымды бағалап, 21 миллион теңге беру керек болған. Бірақ 12 миллион береміз деді. Уақыт өтіп бара жатқан соң жарайды деп келістім. Үйім жарылып, қирап әлі тұр», - дейді Сүлейменов.

Ұбайдулла Сүлейменовтің айтуынша, жарылыстан кейін салынған жаңа үйлердің өзінің сапасы сын көтермейді.

«Арысты жарылыстан кейін 17 секторға бөліп тастаған. Басқасын айтпай ақ, мен өзімнің секторымнан үйлердің қалай салынанын сіздерге көрсете аламын. Үйдің бір жағын батпақ кірпіштен, енді бір жағын күйген кірпіштен салған. Сөйтіп үй сала ма? Арысқа келсеңіздер мен сіздерді ертіп апарып көрсетуге дайынмін... Сотқа бергенбіз, бірақ ол әзір бітпейді. Жеті ай тергеуі болды. 11 айдан асты сот әлі жүріп жатыр. Маусымның 11-і күні соттың басталғанына бір жыл болады. Оның да әлі нәтижесі жоқ.», - дейді ол.

2019 жылдың 24 маусымында Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскер  бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жарылыс болған. Салдарынан бір адам көз жұмып, 36 адам жарақат алған. Тұрғын үйлердің 85 пайызы қирап, 20-ға жуығы жанып кеткен. Жарылыстан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарын премьер-министр Асқар Маминнің өзі барып көрген. 

 

Байланысты жаналықтар

Түркістан облысында радиоактивті қалдықтар далаға төгіліп жатыр

03.11.2024

Білім саласында жымқырылған қаржы қайтарылды

16.10.2024

Түркістанда 13 су каналы қайта жөнделіп жатыр

02.10.2024

Балалар омбудсмені Түркістан облысындағы біраз былықтың бетін ашты

01.10.2024

17 жыл құлдықта болған қыздардың жаңа бейнесі көпті таңғалдырды

27.09.2024

Түркістан облысында 500-дей мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген

27.08.2024
MalimBlocks
Түркістан облысында радиоактивті қалдықтар далаға төгіліп жатыр

Оның бәрі «Қазатомөнеркәсіп»-тен шығып жатқаны айтылады

Білім саласында жымқырылған қаржы қайтарылды

Түркістан облысында Білім саласының 123 қызметкеріне қатысты жеті қылмыстық іс бойынша соталды тергеп-тексеру аяқталды

Түркістанда 13 су каналы қайта жөнделіп жатыр

Балалар омбудсмені Түркістан облысындағы біраз былықтың бетін ашты

Бұл туралы Динара Зәкиева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды

17 жыл құлдықта болған қыздардың жаңа бейнесі көпті таңғалдырды

Апалы-сіңлі Құндыз бен Назгүл қалыпты өмірге оралған

Түркістан облысында 500-дей мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген

Жалған дипломмен жұмыс істегендер жайында тексеру кезінде анықталған. Ал бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Тамыз кеңесінде айтты.