Қазақстан цифрландыруға қанша миллиард жұмсады?

Ал «цифрландыруға бөлінген ақшаның тиімсіз жұмсалғаны үшін кім жауапты?» деген сұрақ елеусіз қалған сияқты.

  • 13.10.2021

Өткен жеті жыл ішінде Қазақстан мемлекеттік қызмет көрсетуді цифрландыруға шамамен 324 миллиард теңге бөліген. Бұл жайлы үкімет басшысы Асқар Маминнің «Ақ жол» партиясының депутаттарына берген жауабында айтылған. 

Алдымен депутаттардың премьер-министрге қандай сауал жолдағанын естеріңізге салайық.

Мәжілістегі «Ақ жол» фракциясының мүшелері мемлекеттің жылдар бойы цифрландыруға миллиардтаған қаржыны бөлгенін, соған қарамастан, қолданыстағы платформалар әлі де қабілетсіз екенін атап өтті.

 «Өткен жылдары мемлекеттің нақты қанша қаржысы мемлекеттік қызмет көрсетуді цифрландыруға жұмсалды және оның тиімсіз жұмсалғаны үшін жауапкершілік кімнің мойнында? «Сбермен» келісім – жылдар бойы цифрландыруға бөлінген миллиардтаған қаржының тиімсіз жұмсалғанын мойындау ма?» – деп сұрады депутаттар Маминнен.

Үкімет басшысының жауабында 2013 жылдан бастап «Ақпараттық Қазақстан 2020» және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламаларының аясында шамамен 324 млрд теңге қаражат көзделгені айтылады. Нәтижесінде мемлекеттік органдардың 400- ге жуық ақпараттық жүйесі құрылған.  

Ал «цифрландыруға бөлінген ақшаның тиімсіз жұмсалғаны үшін кім жауапты?» деген сұрақ елеусіз қалған сияқты. Керісінше, Асқар Маминнің жауабында Қазақстан электрондық үкіметтің даму деңгейі бойынша БҰҰ рейтингісінде әлемнің 193 елі арасында 29-орынды иеленгені айтылған.

Естеріңізде болса, Қазақстанның Ресей «Сбербанкімен» цифрлық үкімет платформасын құру туралы келісімі қоғамда үлкен дау тудырды. Бұл келісімге сәйкес, республика ресейлік «Сбердің» IT-платформасын 500 млн долларға сатып алады. Қызығы, бұл ақшаны Қазақстанға «Сбердің» өзі қарызға береді.

Қазақстандықтар жоба елдің тәуелсіздігіне қауіп төндіреді деп алаңдаушылық білдіруде.

Аделаида Ауеспекова

Байланысты жаналықтар

Бұрынғы үкімет жетекшісі Асқар Мамин Өзбекстанда төбе көрсетті

13.04.2023

Нәтижесіз сот, қираған үй, өтемақысыз халық

18.05.2021

Мамин Сапарбаевтың інісін жаңа қызметке тағайындады

02.04.2021

Патронсыз Қазақстан: 28 миллиардтық зауыт сатылатын болды

31.03.2021

Мамин Есімовті қызметінен босатты

29.03.2021

Асқар Мамин: Қазақстанда жылына 20 мың KIA шығады

27.03.2021
MalimBlocks
Бұрынғы үкімет жетекшісі Асқар Мамин Өзбекстанда төбе көрсетті

Асқар Мамин Қазақстан хоккейшілерін Ташкентте марапаттады

Нәтижесіз сот, қираған үй, өтемақысыз халық

Мамин Сапарбаевтың інісін жаңа қызметке тағайындады

Патронсыз Қазақстан: 28 миллиардтық зауыт сатылатын болды

Мамин Есімовті қызметінен босатты

Асқар Мамин: Қазақстанда жылына 20 мың KIA шығады