Мектеп бітіру кешіне түлектердің ата-аналары да бармайды

Алмас НҮСІП

  • 12.05.2020

Кешегі онлайн брифингте премьер-министрдің ірінші орынбасары Ералы ТОҒЖАНОВ соңғы қоңырау мерекесі мен аттестат тапсыру  3-4 маусым күндері, шектеулі форматта өтетінін хабарлаған. Одан сәл өткен соң тиісті ведомство нақты қандай шектеулер болатынын хабарлады.

Білім және ғылым министрлігі Facebook-тағы парақшасында бітіру кешінің ашық аспан астында өтетінін және бұл кешке мектеп бітірушілердің ата-аналары қатыстырылмайтынын хабарлады.

«Жыл сайын бұл шара маусымның ортасында өтетін. Қорытынды емтиханның алынып тасталғанын ескере отырып шара маусымның басына ауыстырылды», делінген ведомство хабарламасында.

БҒМ мектеп бітіру кешінің міндетті түрде мектеп территориясында, ашық аспан астында өтетінін, тек түлектер ғана қатысатынын, көлденең қонақтар болмайтынын айтты. Сонымен қатар, жылдағыдай салтанат болмайтындықтан, әдеттегі мектеп формасымен келе беруге кеңес берді.

Әдетте, мектеп бітіру кешінен соң таңды қарсы алуға шығатын оқушылар мен ата-аналар биылша ондай «романтиканы» қоя тұратын сияқты. Өйткені, министрліктің сөзіне қарағанда шара күндіз, өте тар шеңберде, шағын форматта өтетін секілді. Ешқандай қонақ болмайтынын, оқушылар ғана қатысады дегенін ескерсек, бұл кеште ата-аналарға да орын жоқ.

Биылғы бітіру кешінің «ерекшелігі» былай да түсінікті, министрлік бұл шараға жан бітіру үшін ағаш отырғызу акциясын қосыпты. Және бұл акцияны келер жылы 25 мамырда өткізуді жоспарлап, тағы да жалғастырмақ көрінеді.

БҒМ соңғы қоңыраудың болмайтыны жайлы сәуір айында хабарлаған. Ал, «Алтиын белгі» иегерлері бұрынғыдай қосымша емтихан тапсырмайды, қорытынды бағалары бойынша белгіленеді.

Қысқасы, жыл сайын лимузин жалдап, аса салтанатты түрде кеш өткізуді қойдыра алмай, азан-қазан болып жататын БҒМ үшін тағы бір жауапты кезең жақындап келе жатқан сыңайлы. Жас министр Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ ата-аналар тарапы түсіністік таныта ма, жоқ па, оларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр ма, жоқ па, ол жағын ашып айтпапты.

Байланысты жаналықтар

Берілмейтін 42 500: Министр кедейлерді қалай алдады?

07.05.2020

Алматыдағы оқшауланған зоналар ашыла бастады

22.04.2020

Өлеңші Томас (шотланд ертегісі)

03.04.2020

"Қазақстан полициясы жендет сияқты"

23.06.2020

«Бейбіт жиын туралы» заңның тағдыры мәжіліске қарап тұр

14.05.2020

Тоғжанов: Міндетті вакцинация - адам құқығын бұзу емес

23.06.2021
MalimBlocks
Берілмейтін 42 500: Министр кедейлерді қалай алдады?

Алматыдағы оқшауланған зоналар ашыла бастады

Өлеңші Томас (шотланд ертегісі)

"Қазақстан полициясы жендет сияқты"

«Бейбіт жиын туралы» заңның тағдыры мәжіліске қарап тұр

Тоғжанов: Міндетті вакцинация - адам құқығын бұзу емес

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қызмет көрсету саласындағы жұмысшыларға қатысты міндетті вакцинациялау - адам құқығын бұзу емес екенін айтты.