Ғани Бейсембаев Оқу-ағарту министрі болды

Аймағамбетов аталмыш министрлікті 4 жылға жуық уақыт тізгіндеген

Malim Админ

  • 04.01.2023

Президент  Жарлығымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев  Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады. Ал бұған дейін ведомствоны басқарған Асхат Аймағамбетов орнынан босады. Аймағамбетов аталмыш министрлікті 4 жылға жуық уақыт тізгіндеген.  Атап айтқанда, 3 жыл Білім және ғылым министрлігінде болса, жаңадан құрылған Оқу-ағарту министрлігінде 7 айдай қызмет еткен. 

Ал су жаңа министр Ғани Бейсембаев 1969 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1986 жылы Шиелі аудандық мәдениет бөлімінің автоклуб меңгерушісі қызметінен бастаған.

1989-1990 жылдары — қазақ тілі мұғалімі.

1990-1995 жылдары — орта мектепте директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

1995-1997 жылдары — орта мектеп директоры.

1997-2000 жылдары — ҚР БҒМ Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы президентінің ғылыми хатшысы, кеңесшісі.

2000-2001 жылдары — Қапшағай қаласы білім бөлімінің басшысы.

2001-2006 жылдары — қосымша білім беру орталығының директоры.

2006-2020 жылдары — халықаралық білім беру орталығының бас директоры.

2006-2007 жылдары — техникалық-экономикалық колледж директоры.

2020 жылы ҚР БҒМ «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры болды.

2020-2022 жылдары ҚР БҒМ Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті болды.  

Байланысты жаналықтар

Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты

03.05.2025

Қазақстан атом электр станциялары компаниясының басшысы тағайындалды

01.05.2025

Абай облысы әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

30.04.2025

Серік Сәпиев жаңа қызметке сайланды

27.04.2025

Аймағамбетов магистратура мен докторантураға түсу талабын өзгертуді ұсынды

23.04.2025

Тоқаев бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүргізді

21.04.2025
MalimBlocks
Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты

Қазақстан атом электр станциялары компаниясының басшысы тағайындалды

Осыған дейін бірнеше лауазымды қызмет атқарған

Абай облысы әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

Серік Сәпиев жаңа қызметке сайланды

Аймағамбетов магистратура мен докторантураға түсу талабын өзгертуді ұсынды

Тоқаев бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүргізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Моңғолия, Шри-Ланка және Даниядағы елшілерін тағайындады