Сергей Терещенко: Қаладағы 2 миллион адамды Бетпақдалаға көшірер едім

Malim Админ

  • 13.05.2020

Қазақстанның алғашқы премьер-министрі Сергей ТЕРЕЩЕНКО елді дағдарыстан шығарар жолды көрсетті. Бүгінде кәсіпкерге айналған экс-премьер бұл ойын Әлемдік экономика және саясат институты мен Whiteshield Partners консалтингтік компаниясының бірлесіп жасаған экономиканың жаңа стимулы, индустриалды жәе постиндустриалды даму жөніндегі зерттеуін жария еткен онлайн презентацияда баяндап берді.

Сергей Терещенко бүгінде ауыл шаруалышығы саласындағы кәсіпкер. Ол Талдықорғанда күнбағыс пен распты өңдеу зауытын іске қосатынын мәлімдеді.

"Біздің кезімізде елде ақша жоқ болды, біз не істеу керектігін білдік, бірақ инструмент жоқ болатын. Коронавирус пен арзан мұнай бағасы экономиканы өзгертеді. Сондықтан экономикада жаңа нәрселер жасау керек болады. Бізге үш нәрсені қолға алу керек. Біріншісі – азық-түлік. Кеңес Одағы тамақ болмаған соң құлады, оны кезінде Горбачевке де айттым. Міне, бізге ауыл шаруашылығында жаңа технологиялар ендіру керек. Бізде осы салада жақсы бағдарламалар бар. Мысалы, "Бал - 2050" бағдарламасы. Біз миллион тонна бал жинай аламыз, оны сатудан қазынаға 10 миллиард доллар түседі. Екіншісі – жаңғақ. Елімізде түрлі жаңғақ өседі. Оны сатудан қазынаға 30 миллиард доллар түсіруге болады. Жидек өсіріп, сатуды қолға алсақ, 60 миллиард доллар пайда жасап бере аламын. Бір кезде елдің ішкі жалпы өнімі 120 миллиард доллар болған", – деді С.Терещенко.

"Екінші нәрсе – валюта. Елге валютаны ненің есебінен әкелеміз? Мен ашқан зауыт жылына 2 миллион күнбағыс пен рапс майын өндіреді. Одан 2 миллиард доллар түседі. Сарымсақ пен пияз сатудан 1-1,5 миллиард доллар табуға болады. Біз сарымсақ пен пияз өсіріп, оны Франция, Польша, Германияға саттық. Сондықтан елге валюта әкелетін экспортерлерді сөзбен емес, іспен қолдау керек.  Бізде ол сөз жүзіндегі ниеттен ары аспай тұр. Бәлкім, елге валюта әкелетіндерді сол валютаның бір бөлігін сатуға міндеттеу керек шығар. Ал шетелден валютаға тек жоғары технологиялар сатып алынуы керек.

Үшінші дүние – бұл жұмыс. Мейрамханалар, сұлулық салондары жабылып қалудан 5 миллион адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Олардың арасында такситер, гүл сататындар, тағы басқалар бар. Бұл әлеуметтік наразылыққа әкелуі мүмкін. Оны болдырмау үшін адамдарға аз да болса жалақы ұсынатын жұмыстар керек. Мәселен, бір адамның орнына екі адам аз айлыққа істесе, ондай жұмыс берушілерді қолдау керек", – деді экс-премьер.

Сергей Терещенко урбанизация өзін-өзі ақтамағанын айтып, халықты қоныстандыру бағдарламасын тез арада іске қосу керектігін мәлімдеді. "Мен тез арада, 4-5 жылдың ішінде 2 миллион адамды қаладан Торғай, Қостанай бетпақ далаға, Шымкент жақтағы Қызылқұм, Бетпақдалаға  көшірер едім. Бірақ ол адамдарға барлық жағдайды: жақсы үй-жай, жылы су, күн батареясы, құдықпен қамтамасыз етер едім. Ірі қара, қой өсіріп, жағдай жасар едім. Бізде басты драйвер – ауыл шаруашылығы. Лимонға дейін өзіміз өсіре аламыз. Сондықтан ауыл шаруашылығы кешенін дамытуға ден қою керек", – деп түйіндеді С.Терещенко.

Фото: tengrinews.kz

Материалды көшіріп басуға болмайды. 

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда коронавируспен екінші мәрте ауырған адам тіркелді

04.11.2020

Коронавирус енді азық-түліктен табылып жатыр

26.09.2020

Бекшин қатаң карантинді ұзартты

27.03.2021

Нұр-Сұлтан жабық қалаға айнала ма?

17.03.2020

Коронавирусты тұмаудан қалай ажыратуға болады?

23.06.2020

Коронавирус: Бір күнде 4, бір аптада 21 адам көз жұмды

14.06.2020
MalimBlocks
Қазақстанда коронавируспен екінші мәрте ауырған адам тіркелді

Коронавирус енді азық-түліктен табылып жатыр

Бекшин қатаң карантинді ұзартты

Нұр-Сұлтан жабық қалаға айнала ма?

Коронавирусты тұмаудан қалай ажыратуға болады?

Коронавирус: Бір күнде 4, бір аптада 21 адам көз жұмды