«Базарды ашпаса, көтеріліске шығамыз»

Malim Админ

  • 20.05.2020

Ақтөбеде саудагерлер жергілікті билік  орталық базарды ашпаса, көтеріліске шығамыз деп бекініп отыр. Сөздерінше, карантин басталған екі айдан бері табыссыз қалған қара халық аштан өлудің алдында отыр. Сондықтан қазір саудагерлер қақпасы жабық базардың сыртынан өздері жабайы базар жасап алып, тауарларын көшеде сатуға көшіпті. Ал тазалық мамандары болса көшедегі базар санитарлық талапқа сай емес, алайда оны ретке келтіретін біз емес, жергілікті әкімдік дейді.

«Бәрін төлеу керек. Су, жарық, газ. Не қыламыз енді? Базардың ашуын талап етіп көшеге шығамыз. Өлтірсе де шығамыз. Соттасын іләйім. Кредитіміз бар мойнымызда . 42 500 теңге неге жетеді? Оны да тоқтатып тастады.  Өтірік, әдейі істетіп тұр соның бәрін», -дейді  саудагер Несібелі НАЗАРОВА.

Қаладағы орталық базардың алдына жиналған саудагерлер екі айдан бері үйлерінде табыссыз отырғандарын айтады. Сөздерінше, жергілікті билік қаладағы сауда орындарын ашпай, қара халықты аштан өлтірейін деп отыр. Күнделікті табыстарын саудадан көріп отырмыз дегендер шығынға баттық дейді.

«Базарды ашсын. Халыққа жұмыс берсін. Не мынау, масқара ғой. Тозып кетті адамдар. Ана жерде де бүкіл аяқ киім, бәрі шығып кетті. Күн көру керек қой. Неге халықты ойламайды? Әкімдік  тек отырып алады да полицейлерді, шапқындарын жібереді. Коронавирус өтірік. Жоқ ол. Ауырсам, осы жерде тұрған мен ауырмаймын ба?» - дейді саудагер Ақгүл АЙМАҒАНБЕТОВА.

Ал орталық базар басшылығы болса  базардың қашан ашылатынын өздері де білмейді екен. Сөздерінше, сэс мамандарының айтқан барлық талабын орындап отыр. Алайда әзірге рұқсат жоқ дейді.

«Қашан ашылатынын біз әлі өзіміз де білмейміз. Себебі «постановление» бар. Санитарлық дәрігердің. Соған байланысты төртінші этап деп тұр. Сұраныс бар. Неге ашылмаймыз? Қашан ашыламыз?  Сауда істеу керек, адамдардың несиесі бар. Сол себепті біз өзіміз де білмей отырмыз»,- дейді  орталық базар басшысының орынбасары Бақытжан БОЛАТБАЕВ.

Ал тазалық мамандары болса қаладағы ірі сауда орындары мен базарлардың ашылмауы өңірде коронавирус індетінің азаймауынан дейді. Айтуларынша, адам қарасы көп жиналатын мұндай орындардың жұмыс істеуіне тек індеттің тіркелуі  7 пайыздан төмендегенде ғана  рұқсат беріледі. Ал базар маңындағы көше саудасын тоқтату  жергілікті әкімдіктің құзырында екен. Ол туралы жергілікті билікке бірнеше рет хат та жолдапты.

Фото автордікі.

Жанар Қожанова

Байланысты жаналықтар

Ақтөбе әуежайы уақытша жабылды

27.03.2024

Ақтөбеде зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар қоғамдық көлікте тегін жүреді

15.03.2024

Ақтөбеде ер адам лифт шахтасына құлап кетті

11.03.2024

Ақтөбе облысында сегіз адамның өмірін қиған жан түршігерлік апат болды

06.03.2024

Ақтөбе тұрғындары облыс әкімі Асхат Шахаровтан көмек сұрайды

17.10.2023

Ақтөбедегі су тасқыны. Қаратал ауылында жағдай қауіпті 

17.03.2023
MalimBlocks
Ақтөбе әуежайы уақытша жабылды

Халықаралық және ішкі рейстер кейінге шегерілді.

Ақтөбеде зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар қоғамдық көлікте тегін жүреді

Қазіргі уақытта тек екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен 1, 2 топтағы мүгедектігі бар азаматтар тегін жүреді.

Ақтөбеде ер адам лифт шахтасына құлап кетті

Ақтөбе облысында сегіз адамның өмірін қиған жан түршігерлік апат болды

Жол апатынан 8 адам қайтыс болды, оның ішінде балалар да бар.

Ақтөбе тұрғындары облыс әкімі Асхат Шахаровтан көмек сұрайды

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Алтай батыр ауылының тұрғындары не ауыз суға, не дені дұрыс жолға жарымай отырғандарына бірнеше жыл болған. Бұл ауылға "Ақбұлақ" бағдарламасы бойынша ауыз су тартылғанына екі жылдан асса да, әлі күнге дейін пайдалануға берілмеген. Тұрғындар аудан әкімінің шығарып салма жауабынан шаршағандарын айтады. Төзімі түгесілген ауыл халқы Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровқтан көмек сұрап отыр.

Ақтөбедегі су тасқыны. Қаратал ауылында жағдай қауіпті 

Тасқын су бөгетті бұзып өткен