Вирус құрбандары: 22 адамның қазасын неге жасырды?

  • 26.05.2020
  • Malim Админ

Алматыда ресми дерек бойынша,  коронавирустан 10 адам қайтыс болған. Бірақ кеше коронавирустан қайтыс болғандар жерленетін зиратқа барған "Азаттық" тілшілері онда 10 емес, 32 адамның жерленгенін анықтады.

"Қазақпаратқа" осы мәселе жөнінде комментарий берген Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов былай дейді: "Қалада коронавирустан 10 адам қаза тапты, қалған 22 адамда коронавирус инфекциясы – ілеспе диагноз болған".

Яғни 22 адам дәрігерердің қорытындысына сәйкес, коронавирустан емес, басқа аурулардан көз жұмған.

Қызығы, 25 сәуір күні өткен онлайн брифингіде қаланың бас санитары Жандарбек Бекшин Алматыда коронавирустан қайтыс болған "сегіз адамның (25 сәуір күнгі дерек бойынша) басқа созылмалы аурулары болғанын, олар негізінен коронавирус инфекциясынан емес, басқа созылмалы ауруға коронавирус қосылған соң қайтыс болғанын" айтқан.

Бекшинмен бірге онлайн брифингіге шыққан  Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы төрағасының орынбасары Әсел Бейсембаева вирустан қайтыс болған сегіз адамның қант диабеті, жүрек ишемиясы, бауыр циррозы, семіздік, жоғары қан қысымы тәрізді созылмалы аурулары болғанын мәлімдеген. "Өлім себептерін құрылған арнайы комиссия зерттеп жатыр. Бірақ елу пайыз жағдайда созылмалы ауру олардың халін нашарлатып жіберген», – деді Ә.Бейсембаева.

Яғни денсаулық сақтау басқармасы мен бас санитар дәрігер сәуірде коронавирустан ресми дерек бойынша қайтыс болған сегіз адамның басқа ілеспе аурулары болғанын, олар негізінен вирустан емес, басқа аурудан көз жұмғанын мойындаған. Олай болса, қалған 22 адам коронавирустан емес, басқа аурудан қайтыс болғанын әкімдік, бас санитар дәрігер мен денсаулық басқармасы неге дер кезінде хабарлап, жария етпеген?

Сол уақытта журналистердің сұрақтарына жауап берген Жандарбек Бекшин  адамнан қайтыс болған соң коронавирус анықталса, ол бәрібір коронавирустан қаза тапқандарға бөлінген арнайы полигонда, алгоритм бойынша жерленетінін мәлімдеген. «Санитарлық ереже бойынша, қайтыс болған адамнан коронавирус анықталса, олардың денесі ашылмайды. Марқұмдарды коронавирус жұқтырғандықтан, ереже бойынша, арнайы бөлінген жерге жерленеді. Барлық сақтық шаралары қолға алынады. Марқұмды ақтық сапарға шығарып салушылар мен медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі сақталады. Адам соматикалық себептен немесе жарақаттан қайтыс болса да, одан вирус анықталса, жерлеу кезінде қауіпсіздік шаралары сақталады», – деді Бекшин.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қайтыс болған  адамнан COVID-19 анықталса, басқа қандай ауру болғанына қарамастан, оны коронавирустан қайтыс болғандар статистикасына жатқызуды ұсынған. Бұл статистикаға тек миокард инфаркті мен апаттан қайтыс болып, коронавирус анықталған адамдарды қоспауға болады деген.

 

 

Байланысты жаналықтар

Алексей Цой министрлікке командасын жинап алды

17.09.2020

Өтірікті шындық жеңген күн

03.03.2020

Қытай вирусты жеңбесе, Токио олимпиадасы өтпейді

10.02.2020

Шарын, Көлсай мен Алтын Емел жерлері кімдерге берілді?

14.04.2021

Батпақтағы халқын -бақытқа жеткізген басшы!

12.02.2021

Қаржы министрлігі "Кітапхана" мен Ақорда шығынын айтты

07.09.2020