Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Саясат
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет
  • Руханият
    • Ертегі
  • Абай-175
Malim.kz
Malim.kz
Нәтиже жоқ
Барлығын көру
Басты бет Slider

Шенеуніктер неге жұлдыз кеңесшілерге құмар?

Бағашар Тұрсынбайұлы Авторы: Бағашар Тұрсынбайұлы
04.06.2020
Share on FacebookShare on Twitter

Жақында Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова белгілі опера әншісі Сүндет Бойғожинді мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшісі етіп тағайындады.

Былтыр қыркүйек айында Мейрамбек Бесбаев Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың мәдениет саласына бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалған.

Осы уақытта Қыдырәлі Болманов та мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың мәдениет саласы бойынша кеңесшісі болып тағайындалды.

Кеңесші – жемісті, жақсы жұмысқа себеп болатын адам. Былайша айтқанда жұмыс істей алатын, көп білетін адамдар болу керек.

Ал біздің шенеуніктер халықтың көз алдында жүрген жұлдыздарға құмар. Неге? Солар арқылы халыққа жақындағысы келе ме? Әлде әлеуметтік желідеде жазылушылары көп әншілер арқылы жұмыстарын жарнамалағысы келе ме?

Қазақстандағы осы тенденцияға байланысты сарапшылардың пікірін білген едік. Саясаттанушы Әзімбай Ғали бұл құбылысты оң бағалап, дұрыс нәрсе екенін алға тартады.

«Халықпен байланыс жасай алатын адамның кеңесші болғаны дұрыс. Бұрын кеңесшілікке технакраттық адамдар керек болған шығар. Ол заманда планды орындаудың айналасында болатын жұмыс. Қазір глобалды медианың заманы. Жүректерге жол таба алатын адамдар керек. Меніңше, бұл дұрыс. Қазір барлық жерде жаңа көзқарас қалыптасып жатыр. Массмедианы жақсы білетін, онымен қалай халықтың жүрегінен орын табуға болады деген сұрақтарға жауап бере алатын адамның кеңесші болғаны позитивті құбылыс», – дейді Әзімбай ҒАЛИ.

Экс-дипломат Қазыбек Бейсебаев шенеуніктердің «жұлдыздарды» кеңесші қылуы ешнәрсенің көрінісі емес дейді. Оның пікірінше, бұл пиар-акция ғана.

«Белгілі адамды кеңесші етіп тағайындағанда әкім өзінің халыққа жақындағысы келетінін көрсетеді. Екінші жағынан бұл кеңесшілер ештеңені шешпейді. Бұлар экономика, бизнес жағындағы кеңесші емес қой. Мәдениет саласының кеңесшілері. Оның үстіне штаттан тыс кеңесшілер.

Бір жағынан, мәселе дұрыс қойылып отыр. Қызылорда облысына опера әншісі кеңесші болғаннан не өзгереді? Жыршы, жырау кеңесші болса, түсінер едік. Мысалы Алматыны өнердің ордасы дейміз. Бұл жаққа Мейрамбек Бесбаев кеңесші болыпты. Жарайды, болсын. Ал Қызылордаға неге керек? Бұл Сағынтаевтың да, Әбдіқалықованың да «менің кеңесшім осы адам» деп айтуға ғана керек дүние секілді. Ол баяғы біздің тойды жақсы көретін мінезіміз», – дейді Қазыбек БЕЙСЕБАЕВ.

Саясаттанушы Шалқар Нұрсейіт те шенеуніктердің әншілерді кеңесші етулері өз репутациялары үшін деп есептейді.

«Кейінгі кезде әншілерді әкімнің немесе министрдің “мәдениет саласын дамыту бойынша” штаттан тыс кеңесшісі қызметіне тағайындау дәстүрге айналып бара жатқан сияқты. Шенеуніктердің мәдениет саласын дамыту үшін әншілердің кеңесіне жүгінуінің нақты себебі өзіне аян. Менің ойымша, шенділер елге танымал әншілерді кеңесші қызметіне тағайындау арқылы қоғамдағы өз репутациясын күшейтуге тырысатын секілді. Яғни, әкімдер мен министрлер өздерін тағайындайтын Ақорда мен “кітапхананың” көңілін табудан бөлек, елде азды-көпті абыройы мен аудиториясы бар танымал тұлғалардың өзіне жақын тарту арқылы жұрттың алдында репутациясын күшейткісі келеді. Одан бөлек, әлеуметтік желіде әншілердің танымалдығын ескерсек, министрдің не әкімнің қызметіне байланысты критика туған кезде оларды қорғап сөйлеу үшін де, өткір сынның әсерін азайту үшін де әншілердің көмегі тиіп қалар деген де ой бар секілді. Бірақ кризис коммуникацияны тиімді жүргізу үшін сынға ұшыраған адамның іс-әрекеті оны қорғап сөйлейтін адамның іс-әрекетінен әлдеқайда маңызды. Сондықтан әкімдер мен министрлер осыны ескеру керек деп ойлаймын», – дейді Шалқар НҰРСЕЙІТ.

Tags: Ақтоты РайымқұловаӘкім Гүлшара ӘбіқалықоваБақытжан САҒЫНТАЕВқыдырәлі БолмановМейрамбек БесбаевСүндет Байғожин

Ұқсас жазбалар

dw.com

Тойхана иелері: Табыстан айырылдық, жабылуға мәжбүрміз

Авторы: malim
19.01.2021
0

Елдегі шағын және орта кәсіп пандемиядан зардап шегіп, шығынға батты. Қатаң локдауннан кейін аяғынан тік тұра алмай қалған кей бизнес...

Амангелді Шорманбаев

Үкіметтік емес ұйымдарды заңсыз соттап жатыр

Авторы: Есдәулет Қызырбекұлы
19.01.2021
0

Қаңтардың 18-і күні Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық соты «Еркіндік қанаты» қоғамдық ұйымына «салық есебін уақытында көрсетпеді» деген айыппен 277 мың...

Қазақтың Тайлағы киноға қалай келді?

Авторы: Бағашар Тұрсынбайұлы
19.01.2021
0

Бүгін дүниеден озған Әлімғазы Райымбековтің өнерге келуі де бір хикая. Ол әскерден келген соң ауылында трактор жүргізушісі болып қызмет істеген....

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы бір браконьерге үкім шықты

05.03.2020

Алматыда қоғам белсенділері ұсталып жатыр

01.03.2020

Сыр құрылысшылары мен Арал балықшылары Назарбаевқа саулық тіледі

18.06.2020
Есенқұл Жақыпбеков (марқұм), Ертай Ашықбаев, Болат Үсенбаев және Жұмабай Шаштайұлы

РЕДАКТОР

10.10.2020

Қордай оқиғасына қатысы бар ағайынды 3 жігіт қамауға алынды

18.02.2020
  • Біз туралы
  • Жарнама
Байланыс: +7 702 109 72 25

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!

Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!