Мейрамбек Бесбаев жаңа бағытқа бет бұрмақ

Өнер иесі оқырмандарынан кеңес сұрады

Сабина Асқарқызы

  • 27.03.2025

Танымал әнші Мейрамбек Бесбаев өнердегі жолын жаңа қырынан жалғастырғысы келетінін мәлімдеді. Әнші кино түсіруге ниетті екенін айтып, бұл бағытта қадам жасауға дайын екенін білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол тың идеялар мен сценарийлерге ашық екенін айтып, оқырмандарынан кеңес сұрады.

Соңғы кездері кино түсіргім келіп жүр. Қолымнан келеді деп ойлаймын. Жақсы сценарий болса, бірлесіп жұмыс істеуге әзірмін. Ұсыныстарды күзге дейін қабылдаймын. Қай жанрда түсірсек болады? Пікірлеріңізді күтемін. «Енді сен қалған едің кино түсірмеген» дейтін достарым, уайымдамаңдар — әлі бастамадым, – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары әншінің бұл шешімін қуана қабылдап, жылы лебіздерін білдіруде. Көпшілік Мейрамбектен тәрбиелік мәні терең, ұлттық рухтағы фильм күтетінін айтты.

"Өзбекәлі Жәнібеков туралы фильм түсірсеңіз жақсы болар еді", "Күлкілі фильм емес, тәрбиелік мағынасы бар тарихи кино күтеміз", "Бала Мейрамбектен аға Мейрамбекке дейінгі өмір жолыңызға негізделген фильм көргіміз келеді", "Жас ұрпаққа үлгі болатындай, ұлттық құндылықтарды насихаттайтын дүние жасаңыз", "Сізден терең мағыналы, өнерге адал фильм күтеміз, сәттілік!", – деп жазды жанкүйерлер.

Фото: әлеуметтік желі

Байланысты жаналықтар

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

10.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

08.05.2025

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

07.05.2025

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

06.05.2025
MalimBlocks
Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

Өнер иесі өзінің запастағы кіші сержант екенін атап өтті

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

27 жастағы Әділеттің таңдауы 21 жастағы Әдия Мәулен есімді аруға түскен

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

Өнер иесі соңғы екі айда тынымсыз гастрольде жүрген