457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

"30 жыл бойы іздеген анасын тапты". Мейрамбек Бесбаев туралы видео сұмдық қаралып жатыр

Астана, Malim.kz. Әуелде әзіл үшін жасалатын дипфейк (жалған) видеолар қазір әлем бойынша алаңдаушылық тудырып отыр.

 

Ал Қазақстанда дипфейк арқылы жасалатын қылмыстар өршіп тұр. "Жасанды интеллект туралы" заң жобасын талқылау кезінде Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров былтыр 22 мың алаяқтық тіркелгенін айтқан болатын. Ал тек биылдың басында кибералаяқтық әрекеттерден 11 млрд теңге залал келген.

 

Бұл жерде әзіл мен қылмыстың аражігін ажырату мәселесі де туындайды. Гете Институты (Германия) интернетте тарап жүрген дипфейктердің алғашқы легінің 96% қалжың, қағытпа мақсатында болғанын жазған. Кейін олар азаматтарды алдап ақша алудан бастап, діни, саяси бағыттағы насихат мақсатына ойысқан.

 

Осы орайда Youtube видеохостингінде тұрған төмендегі видеоны мысалға келтірсек.

Мейрамбек Бесбаев Анасы

Қазір жазылған мың жарымдай пікірден біз осы видеода келтірілген ақпаратқа  құлай сенгендердің көбін көреміз.

 

Malim.kz алдағы уақытта дипфейк жайында сарапшылардың пікірін ұсынатын болады.