Балаева: Ақпарат саласын заңнамалық тұрғыдан күшейту керек

  • 05.06.2020
  • Malim Админ

Ақпарат саласын заңнамалық және құқықтық жағынан күшейтуге басымдық беріледі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева отандық БАҚ саласын дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел жиынында айтты.

«Шын мәнінде, бұл – БАҚ өкілдерінің де, мемлекеттік органдардың да алдына күнделікті тұратын көптеген сұрақтарды шешуде маңызды бағыт. Бәрін бірдей тізе бермей, негізгілерін атап өтейін. Айталық, шетелдік телеарналар провайдерлері мен продакшн-компаниялардың қызметін жүзеге асырудың құқықтық мәртебесі мен тәртібін айқындау, отандық БАҚ-та жарнама үшін тауарлар мен қызметтердің тізбесін кеңейту жөніндегі заңнамалық шаралар, телерадио хабарларын тарату саласында конкурстар өткізу рәсімдерін жетілдіру және журналистерді аккредитациялау рәсімін қайта қарау жөніндегі шаралар іске асырылатын болады», – деді Балаева.

Сондай-ақ министр бұдан басқа да бірқатар ескірген заңнамалық актілер мен ережелерді қайта қарап, өзгерістер енгізуге болатынын, бұл тұрғыда жиынға қатысып отырған сарапшылар сияқты кәсіби мамандардың көмегіне жүгінетінін, сондықтан осы ортада тиісті ұсыныстар күтетінін айтты.

Байланысты жаналықтар

Парламенттегі ең кәрі депутат кім?

16.11.2020

Нұрәли Әлиев 1,5 миллион фунт даулап отыр

29.06.2020

Тоқаев Ресей басшылығына рахмет айтты

01.07.2020

Президент қол қойған жер заңын халық ұзақ күтті – Башимов

01.07.2021

Меланья Трамппен ажыраспақ

09.11.2020

Қазақстан коммунистері ұлтшылдардан қауіптенеді

11.08.2020