Т. Рысқұлбеков: Мамай, төбелес керек болса, төбелесейік!

  • 06.06.2020
  • Malim Админ

Бүгін Алматы қалалсында Қазақстан демократиялық партиясын ашу бастамашыл тобының жетекшісі Жанболат МАМАЙ бастаған азаматтар митингіге шықты. Олар  «Банктің құлдығынан құтылатын кез келді», «Саяси тұтқындарға бостандық», «Жер сатылмасын» деген плакаттарды көтеріп шықты.

Алайда, Абай ескерткішіне бет алған жұрттың алдын полиция бөгеді.

«Біздікі бейбіт митинг. Біздің алаңда жүруге құқымыз бар. Сіздердің (полиция) әрекеттеріңіз заңсыз. Біздің талабымыз жер шетелдіктерге сатылмасын, халыққа несиелік амнистия жариялансын. Мына жерге Алматы қаласы әкімінің орынбасары келіпті. Ол түк те шешпеді. Алдымызға премьер-министр келсін», - деді Жанболат Мамай.

Өзін Алматы қаласы әкімдігінің ресми өкілімін деп таныстырған Айдар ЕСЕНБЕКОВ көпшілікті тарауға шақырды. Дезинфекциялық жұмыстары жүріп жатыр, пандемия кезінде қауіпсіздікті сақтайық деді.

Алматы қаласы прокурорының орынбасары бүгін ғана заңды күшіне енген «Митингтер туралы» заңға сәйкес бес күн бұрын жергілікті әкімдікке хат жолдау керек еді дейді.

«Қазақстан бойынша коронавирусқа шалдыққандар саны 12 мың. Алматыда 3 мың адам осы ауруды жұқтырды. Былай жиналуға болмайды. Ол туралы қаламыздың бас санитарының шешімі де бар. Иа, митингілер туралы заң бүгін күшіне енді. Бірақ сіздердің жиналуларыңыз заңсыз. Біз тыйым саламыз. Және тарауларыңызды сұраймыз», - деді Алматы қаласы прокурорының орынбасары Мұрат ТІЛЕУБЕРДИЕВ.

Әкімдіктің сөзін сөйлеп ортаға Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман АЛШАНОВ шықты. Алайда, оны ешкім тыңдамады. Сондай-ақ, митингіге Талғат РЫСҚҰЛБЕКОВ Ж. Мамайды «араңдатушы» деп айғайлады.

«Ағайын, сабыр етейік. Тарқайық. Үкімет адамдары бізді тыңдаймыз, митингке рұқсат береміз деп отыр. Айтып отыр ғой, бүгін заң күшіне енді. Бүгін әкімдікке арыз жазайық. Сосын 11 немесе 15 маусым күні жиналайық. Мамай сендерді араңдатады. Қасымда «спортик» 20 жігіт бар. Төбелескің келсе төбелесейік. Мамай, мына халықтың штрафын сен төлейсің бе?», - деп айғайлады Талғат Рысқұлбеков.

Митинг орны деп белгіленген Абай ескертшікі маңында полиция таңғы он жарым шамасында бірнеше белсендіні ұстап әкеткен.

Сондай-ақ, митинг Нұр-Сұлтан қаласында да жүріп жатыр. Қазақстанда экстремистік деп танылған «Көше партиясы» өкілдері де шеруге шықты. Әлеуметтік желіде бір-бірін сынайтын Мұхтар ӘБЛЯЗОВ пен Жанболат Мамай өз жақтастарын бір күнде көшеге шығуға шақырды. Бұған дейін 22 ақпан күні де бір-бірімен жағаласып халықты митингіге шақырған еді.

Коллаж: Мәлім кз

Байланысты жаналықтар

Евгений Жовтис: Митинг қудалайтын шенеуніктерге  санкция салынуы мүмкін

16.02.2021

Лукашенко митингіге шыққандарды танкімен қуа ма?

17.05.2021

Заңсыздық па, әлде бассыздық па?

13.10.2020

Көп балалы аналар «Nur Otan» партиясын қолдайды

28.12.2020

Кәсіби кеңес көлеңкедегі қаржыны жарыққа шығарады

27.02.2020

Мамай Байбек туралы кезекті фильмін шығарды

04.06.2021