Министрлік алдында түнеп жатқан аналарды полиция күштеп алып кетті

  • 10.06.2020
  • Malim Админ

Астанадағы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алдына түнеген көп балалы аналарды полиция алып кетті. Бұл туралы Malim.kz  хабарлайды.

Facebook желісінде жарияланған видеода таң ертең (10 маусым) әйелдерді алып кету үшін жедел жәрдем көлігі мен бірнеше автобус келіп тұрғанын байқауға болады. Видеоны түсірген сонда түнеген әйелдердің бірі. Ол:

«Әкімшіліктің адамдары ма деп ойлап жатырмыз, бес «скорыйды» әкеп, дайындап қойды, жүргізушілерге машинаны оталдырып, дайындатып қойды. Бізді алып кетуге әрекет жасайтын шығар. «Перчатки», бәрін киіп, өздерінше дайындалып жатыр. Келе жатыр әне. Пәссіміллә, бір Алладан енді. Жо-жоқ, бір жерге жиналуға болмайды бізге. Міне келді», - дейді.

Бұдан ары видеода полиция формасындағы адам бастап, бірнеше азамат келіп, өздерін таныстырады. Бірақ, дауыстары анық емес. «Бұл жерге жиналуға болмайды» деген сөздерді естуге болады. Көп балалы аналар оларды тыңдамай, Қазақстан Республикасының гимнін бастап кетеді.

Ақ қорғаныш киімін киген бір топ адам гимнін орындалып біткенше күтіп тұрады да, ары қарай әйелдерді ұстай бастайды. "Міне, аналарға қалай қысым жасап жатыр, көріңіздер, халқым! Көмектесіңдер!" деп айқайлайды әйелдердің бірі. Айғайлаған, шыңғырған әйелдердің даусына қарамастан, ақ киімділер ісін жалғастыра береді. Ақыры, видео түсіріп жүрген әйелді де ұстайды да, видео үзіліп кетеді.

Азаттық радиосының жазуынша, оларды астанадағы "Рамада Плаза" қонақүйіне алып кеткен, қазір «карантиндік нысан» деп, ешкімді кіргізбейді, жедел жәрдем көліктері мен полиция қызметкерлері жүр.

Айта кету керек, әр балаға 21 мың теңгеден жәрдемақы төлеу, көп балалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету, мәжбүрлі түрде вакцина салдырмау, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған аналарға баспана беру сияқты талап қойған бір топ әйел министрлік алдында екінші күн түнеп жатқан. Олардың ішінде бірнеше әйелдің аяғы ауыр екені де айтылған.

Байланысты жаналықтар

Карантин: Алматыда түнгі клуб қайнап тұр (видео)

04.08.2020

«Хан қызы» берген «скорыйлар» қар астында тұр

03.12.2020

Ashyq жобасы  - Kaspi.kz қосымшасында

03.06.2021

Цой министрлікке келген әйелдердің алдына неге шықпағанын түсіндірді

23.07.2021

"Супермаркеттерде дүрбелең жасамау керек"

13.03.2020

Шымкенттік мергендер жеңімпаз атанды

15.03.2021