Мұрат Әуезов: Халық қарсы шықса – бас киімнен емес, бастан айырыласыңдар

Malim Админ

  • 12.06.2020

Қоғам қайраткері, мәдениеттанушы Мұрат ӘУЕЗОВ "билік өкілін қорлап, тіл тигізді" деген айып тағылған белсенді Әсия Төлесоваға араша түсті.  М.Әуезовтің  араша түскен видеосы белсенділер мен құқық қорғаушыларды қорғау коалициясының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

"Біріншіден, 6 маусымдағы Әсия мен оның әрекетінен билік пен қоғам қарым-қатынасының жаңа кезеңі бастау алды. Біз қарттарға қарсы әрекет еткен жалған полицейлерді көрдік. Олар құқықтық және адамгершілік заңдарын бұзды. Олар адамгершілік қағидасы не екенін білмейді. Ең қорқыныштысы, адам, адамгершілік деген не екенін білмейді. Олар зомбиге айналған. Полиция – зомбилердің жасақтары, зомбилер құрылымы.

Әсияны бала кезден білемін. Ол мейірімді, әділетсіздікке төзе алмайды. Сондықтан оның көзінше қазақ дәстүрі бұзылып, қарттарға күш қолданып ұстағанда, ол шетте қарап тұра алмады. Қарт адамдарды ұстаған – зомбилер, олар Отан мен заңды қорғап жүрген жоқ. Егер мемлекеттіліктің символы – полицейдің қалпағы жерге түсіп қалса, оған Әсия емес, оны киіп жүрген адам кінәлі.

Шындық үшін күресетіндер жеңіске жетеді. Зомби адамдарға біздің тағдырды ұстатып қоюға болмайды. Олар адамгершілік және құқықтық заңды бұзып жүр. Әсияның әрекеті тарихта қалады. Халық енді бассыздық кезінде үнсіз қалмайды. Әсия біздің есімізді жиып жүр. Бүгін қоян шабуылға шықты, ал ертең арыстан, яғни халық шықса, онда бас киімнен емес, бастан айырыласыңдар. Барар жер таппайсыңдар.

Әсия Ілияс Жансүгіровтің шөбересі, қазақтың біртуар азаматы Ораз Жандосовтың, оның анасы Фатиманың ұрпағы. Сондықтан оның басқаша бала болып, басқаша әрекет етуі мүмкін емес", - деді М.Әуезов.

Фото:  mysl.kazgazeta.kz

Байланысты жаналықтар

Төлесованың үстінен арыз жазған полицей сотта жауап берді

05.08.2020

Тұрғымбаев митингке шыққандарды "қойша көгендеуді" жалғастырады

04.03.2020

Денис Теннің қазасына екі жыл толды. Не өзгерді?

19.07.2020

Қазақстанда ішкі әскер саны көбейеді

02.03.2020

Митинг түгілі "Қалаулымға" да шығармайды

25.01.2021

Әкімдік алдында өзімізді өртеп жібермек болдық

30.04.2021
MalimBlocks
Төлесованың үстінен арыз жазған полицей сотта жауап берді

Тұрғымбаев митингке шыққандарды "қойша көгендеуді" жалғастырады

Денис Теннің қазасына екі жыл толды. Не өзгерді?

Қазақстанда ішкі әскер саны көбейеді

Митинг түгілі "Қалаулымға" да шығармайды

Әкімдік алдында өзімізді өртеп жібермек болдық