Көлсайдың 1 дәретханасы – 15 миллион
Алматы облысы Кеген ауданының «Қаржы бөлімі» ММ Көлсай-Қайыңды көлдері аумақтарын санитарлық-гигиеналық тораптармен жабдықтау жұмыстарына Қазақтан Республикасы мемлекеттік сатып алулар порталында екінші рет конкурс жариялады. Тапсырыс беруші: Кеген ауданының "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі".
Ұйымдастырушы: Кеген ауданының "Қаржы бөлімі" ММ.
Автономды дәретханалық модульдердің (санитарлық - гигиеналық тораптар) саны – 7.
Жалпы құны – 93 750 000 (Қосылған құн салығынсыз). Конкурсқа 4 өнім беруші компания қатысқан. Конкурс кеше 18:00-де аяқталды. Берілген өтінімдер қаралып жатыр. Сонда Көлсай-Қайыңды көлдерінің аумағына салынбақ бір дәретхананың құны (қосылған құн салығымен есептегенде) – 15 миллион теңге.
Бұл конкурсты Кеген ауданының «Қаржы бөлімі» ММ осыған дейін де бір рет 6 мамыр мен 15 мамыр аралығында жариялаған болатын. Бірақ ол кезде конкурсқа екі өтінімнен кем ұсынылуына байланысты өтпеген деп тану туралы қорытынды хаттама шығарылған.
Бұл конкурс бірінші рет жариялаған кезде бұл жұмыстың құны 50 000 000 теңге болатын. Бір таңғаларлығы екінші конкурста дәретханалар саны мен техникалық сипаттамасы өзгермесе де бағасы 87,5 пайызға өскен.
[caption id="attachment_4733" align="alignleft" width="825"] Көлсай-Қайыңды көлдерінің аумағына салынбақ бір дәретхананың эскизі[/caption]