Цойдың алдында тұрған төрт міндет

Malim Админ

  • 26.06.2020

Белсенді дәрігер, балалар невропатологы Қайырғали Көнеев кеше тағайындалған денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ең алдымен қандай мәселені шешу керектігін тізді.

"Біріншіден, коронавирус инфекциясы бақылаудан шығып кеткені бәріне белгілі. Мұндай жағдайда министрліктің "қашықтан" жұмыс істеуі қызметін тастап кеткенмен бірдей. Бүкіл ел ауырып жатқанда, министрліктің қашықтан жұмыс істеуі дұрыс емес. Министрліктің әр қызметкері жұмыс орнына қайтып келсін, арнайы костюм мен маска тағып жүрсін. Денсаулық сақтау жүйесін басқару жұмысын қалпына келтіру керек. Коронавируспен күреске тәуелсіз сарапшылар, тәуелсіз санитарлық дәрігерлер мен эпидемиологтарды, жекеменшік ауруханаларды тарту керек.

Екіншіден, Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс жобасын денсаулық сақтау министрлігіне қайтарып, қоғамдық талқылау өткізу керек.

Үшіншіден, Айзат Молдағасымованы құтқаруды қойып, Халық банктен алған сыйақысын тексеретін тәртіптік істі қалпына келтіру керек.

Төртіншіден, жекешелендіріліп кеткен Алматыдағы балалар тіс емханасын мемлекетке қайтару керек", - дейді Қ.Көнеев.

 

Байланысты жаналықтар

Енді кәсіби дәрігерге көріну үшін терапевтке жазылудың қажеті жоқ – ДСМ

27.03.2024

Балаларға ораза ұстауға бола ма?

18.03.2024

Қарағандыда тағы екі бала ауруханаға түсті

01.08.2023

Денсаулық сақтау министрі міндетін атқару Бүркітбаевқа жүктелді

20.12.2021

Алексей Цой қызметінен босатылды 

20.12.2021

Жағымды сценарий жүзеге асып жатыр - Цой

14.12.2021
MalimBlocks
Енді кәсіби дәрігерге көріну үшін терапевтке жазылудың қажеті жоқ – ДСМ

Енді дәрігерге бару үшін терапевтке жазылудың қажеті болмауы мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Балаларға ораза ұстауға бола ма?

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жауап берді.

Қарағандыда тағы екі бала ауруханаға түсті

Екі күннен бері ауруханаға уланып түсіп жатқан жетім балалар мен ата-анасы тастап кеткен балалар. 

Денсаулық сақтау министрі міндетін атқару Бүркітбаевқа жүктелді

Алексей Цой қызметінен босатылды 

Жағымды сценарий жүзеге асып жатыр - Цой