Үй иесі: Bek Air өзімді кінәлі етіп шығармақ (жедел сұхбат)

Malim Админ

  • 10.02.2020

Bek Air ұшағы соғылған үйдің иесі енді өзім кінәлі болып қалам ба деп алаңдап отыр. Өйткені оған бір апта бұрын сотқа берілгені туралы ескерту қағазы келген. Malim.kz тілшісі үй иесі Решет ҚАЛИБЕККЕ хабарласып, мән-жайды сұрады. Оның айтуынша хабарлама тек орыс тілінде келген.

Р.Қалибек

- Орысша түсінбейтіндіктен екі күн бұрын Талғар аудандық сотына бардым. Басында мен Bek Air компаниясын сотқа бергем. Соған қатысты құжат шығар деп барсам, компания менің үстімнен арыз жазыпты.

- Сіз арызды қашан жазып едіңіз?

- 29 әлде 30 желтоқсанда.

- Содан бері сіздің арызыңызға қатысты ешқандай хабарлама келген жоқ па?

- Жоқ, әлі қаралмаған болуы керек. Менен кейін сотқа берген Bek Air-дың арызын қараған, менікі жайлы үнсіз. Сот 21 ақпан күні Талғар аудандық сотында сағат 10-да болады дейді.

Решет Қалибектің айтуынша, үйінің құжатын жасатып үлгере алмаған. Решет қана емес, ұшақ қиратып кеткен үйдің айналасындағы көрші үйлердің иелері де әлі күнге құжатсыз жүр. Олар да үйіміздің ендігі жағдайы не болады деп уайымдап отыр дейді. Өйткені, тиісті орындар құжат жасатуды сағызша созып келеді. Қай есікке барса да бастығы болмай шығады немесе тағы бір сылтаулар ойлап табады. Әйтеуір әне-міне деп созып келеді.

- Егер құжат жасалмайтын болса о баста неге сатады? Енді келіп, мен үйіме апатқа ұшыраған ұшақ келіп соғылғаны үшін сотқа тартылып жатырмын. Ұшақ менің үйімнің кесірінен апатқа ұшыраған жоқ, көтеріле алмай, апатқа ұшырап келіп, соғылды. Бұл – бір, екіншіден, бұл жерге үй салуға рұқсат берген әкімдікті неге сотқа бермейді? Құжат жасаған адамдарды неге соттамайды? – дейді Қалибек.

Сәл кері шегініс жасасақ, Решет Қалибек ұшақ апаты болған кезде БАҚ-қа сұхбат беріп, кісі өлімі болған ауыр жағдай кезінде өтемақы талап етіп жатпайтынын айтқан. Дегенмен, ол талап етпесе апат болған орынға келген Талғар ауданының әкімі Жолан ОМАРОВ үйі үшін өтемақы төленетінін, ол үшін жауапты адамдарға баруы керегін айтқан. Бірақ, іс бітіп, апат жайлы ақпарат көмескілене бастаған тұста әкім өтемақы төлеу туралы уәдесін ұмытқан сыңайлы. Қайда барса да «бастық жоқ» деп шығарып салады немесе тағы бір «жауапты адамдарға» жұмсайды.

Айта кетейік, алдағы уақытта заңдастырылған, «госактісі» бар жерді 14 мың долларға сатып алған, бірақ, үйдің құжатын жасатып үлгере алмай жүргенде ұшақ соғылған үйінің өтемақысы тұрыпты, енді өзі кінәлі болып қалам ба деп алаңдап жүрген Решет Қалибек пен Bek Air арасында болатын сот процесі жайлы МӘЛІМ сайты тұрақты ақпарат беріп отырады.

Bek Air ұшағы былтыр 27 желтоқсанда апатқа ұшыраған. Лайнер ұшу кезінде орнынан көтеріле алмай, әуежай қоршауын бұзып өтіп, үйге соғылған. Ұшақ бортында 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Аты шулы бұл оқиғадан 12 адам қаза тапты.

Алмас НҮСІП

Суреттер ашық дереккөздерден алынды

Материалды көшіріп басуға болмайды!

Байланысты жаналықтар

Бишімбаевтың соты: жарыссөз 29 сәуірде басталады

24.04.2024

Алматы облысында пара алған судья мен сот приставы сотталды

24.04.2024

Бишімбаев сотта Салтанат өзін «6,5 сағат психологиялық тұрғыда қинады» деп мәлімдеді

24.04.2024

Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр (ТІКЕЛЕЙ ТРАНСЛЯЦИЯ)

24.04.2024

Қазақстанда тағы бір сот процесі тікелей трансляция арқылы көрсетіліп жатыр

24.04.2024

Бишімбаевтың анасы таныстырған: Көріпкел сотта куәлік етті

24.04.2024
MalimBlocks
Бишімбаевтың соты: жарыссөз 29 сәуірде басталады

Тараптарға сот жарыссөзіне дайындалуға уақыт беріледі.

Алматы облысында пара алған судья мен сот приставы сотталды

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бишімбаев сотта Салтанат өзін «6,5 сағат психологиялық тұрғыда қинады» деп мәлімдеді

Оның айтуынша, Салтанат сондай жағдайға дейін жеткізген...

Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр (ТІКЕЛЕЙ ТРАНСЛЯЦИЯ)

Қуандық Бишімбаев 2023 жылдың 9 қарашасында адам өлтірді деген күдікпен қамауға алынған еді.

Қазақстанда тағы бір сот процесі тікелей трансляция арқылы көрсетіліп жатыр

Күдікті Алматы қаласында бұзақылық жасап, көлікті қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету ережелерін бұзған.

Бишімбаевтың анасы таныстырған: Көріпкел сотта куәлік етті

Көріпкел өзіне қысым жасалып жатқанын айтып, сотта жасырын сөйлеуге өтініш білдірді.