Ресей Қазақстанға гуманитарлық көмек бермек

Malim Админ

  • 08.07.2020

Ресей дәрі-дәрмек жетіспей жатқан Қазақстанға коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмек жөнелтпек. Бұл туралы Kaztag.kz-ке сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.

Гуманитарлық көмектің алғашқы рейсі бүгін кешке ұшақпен жөнелтілмек.

«Қандай тізім жіберілетіні қазір анықталып болды, гуманитарлық жүк жақын арада Қазақстанға жеткізіледі. Менің білуімше, бүгін кешке алғашқы ұшақ болу керек», - деді РФ денсаулықсақтау министрінің орынбасары Олег ГРИДНЕВ.

Гриднев айтқан тізімге коронавирустан емдеуге арналған ресейлік дәрі-дәрмек өнімдері кіргізілген.

Соңғы кездері Қазақстанда инфекцияның асқынуына байланысты дәрі-дәрмек жетіспей, дәріханаларда ұзын-сонар кезектер пайда болып жатыр. Әлеуметтік желілер мен мессенжерлерде дәрі таппай, наразы болған жұрт ел билігін сынға алып келеді. Осындай жағдайда РФ денсауминінің орынбасары Гриднев бастаған 32 маман 6 шілде күні Қазақстанға келген. Олар тәжірибесімен бөлісіп, қазақстандық әріптестеріне кеңес бермек. Мұндай делегация ертеректе Қытайдан да келгенін айта кету керек.

Еске сала кетейік, кеше ғана ресейлік кейбір сарапшылар Қазақстанда екінші мәрте карантин жарияланғанын сынаған.

Байланысты жаналықтар

Су тасқыны: Ресейдің Түмен облысында тұрғындар эвакуацияланып жатыр

18.04.2024

Бишімбаевтың адвокаттары жасатқан сараптама іске алғысыз болып қалды

17.04.2024

Ресейлік мамандар Нүкенованы «ескі жарақаты салдарынан көз жұмды» деп қорытындылады

16.04.2024

Тобыл өзені көтерілді: Ресейдің Қорған өңіріне мол су жақындап келеді

16.04.2024

Орынбордағы су тасқыны: барлық су Жайыққа 5-6 күнде жетеді

11.04.2024

Орынбор маңындағы Жайық өзенінде су деңгейі 1054 см-ге дейін көтерілді

11.04.2024
MalimBlocks
Су тасқыны: Ресейдің Түмен облысында тұрғындар эвакуацияланып жатыр

Уақытша орналастыру пункттерінде 137 адам, оның ішінде 48 бала бар.

Бишімбаевтың адвокаттары жасатқан сараптама іске алғысыз болып қалды

Айжан Аймағанова Ресей мамандары егер жалған қорытынды берсе, ол үшін жауапкершілік арқаламайтынын ескертті.

Ресейлік мамандар Нүкенованы «ескі жарақаты салдарынан көз жұмды» деп қорытындылады

Олар қазақстандық мамандардың Нүкенова бас миының ауыр жарақаты салдарынан қайтыс болды деген тұжырымдарын жоққа шығарды.

Тобыл өзені көтерілді: Ресейдің Қорған өңіріне мол су жақындап келеді

ТЖМ Бас басқармасының болжамына сәйкес, өңірде 62 елді мекен, 4300 үй, 5550 үй жай учаскесі, 600 саяжай учаскесін су басуы мүмкін.

Орынбордағы су тасқыны: барлық су Жайыққа 5-6 күнде жетеді

Қазіргі уақытта Орынбордағы су деңгейі 10,75 метр болып отыр.

Орынбор маңындағы Жайық өзенінде су деңгейі 1054 см-ге дейін көтерілді

Орск қаласында өткен төтенше жағдай комиссиясының отырысында ресейлік арнайы қызмет мамандары осындай қорытындыға келді.