Ресей өзінің жалғыз авиатасығыш кемесінен айырылуы мүмкін

"Адмирал Кузнецов" 2017 жылдан бері жаңартылып жатыр. Жөндеу кезінде Ресейдегі ең үлкен жүзбелі док суға батып, кемеде өрт шыққан. Бұл туралы Malim.kz Deutsche Welle сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ресей Қорғаныс министрлігі "Адмирал Кузнецов" авиатасығыш кемесін қалпына келтіруден бас тартуы мүмкін. Оның жөндеу және жаңарту жұмыстары тоқтатылған. Бұл туралы 11 шілде, жұма күні "Известия" басылымы дереккөздерге сілтеме жасап жазды. Жуырда Ресей Әскери-теңіз күштерінің Бас қолбасшылығы мен Біріккен кеме жасау корпорациясының өкілдері жобаны жалғастыру тиімді ме, жоқ па – соны шешпек.
«Бұл өте қымбат әрі тиімсіз теңіз қаруы. Болашақ – роботтандырылған кешендер мен ұшқышсыз авиацияда», – дейді Тынық мұхиты флотының бұрынғы қолбасшысы, адмирал Сергей Авакянц.
Алайда 2030 жылға дейінгі әскери-теңіз саясатының негізгі бағыттарына сәйкес, Солтүстік және Тынық мұхиты флоттарында әрқайсысында бір авиатасығыш кемеслер тобы болуы қажет, деп нақтылады запастағы контр-адмирал Михаил Чекмасов. Ал әскери сарапшы, І дәрежелі капитан Василий Дандыкиннің айтуынша, алыстағы жорықтарда авиациялық қамтамасыз іс жүргізу мүмкін емес.
«Әрине, “Адмирал Кузнецов” қиын жағдайда: жөндеуі ұзаққа созылды, түрлі проблемалар болды, өрт те шықты», – деп түйіндеді ол.
РФ ҒА Халықаралық экономикалық және саяси зерттеулер институтының стратегиялық жоспарлау орталығының сарапшысы Илья Крамниктің айтуынша, крейсердің қуат қондырғысы конструкциясы жағынан да, сенімділігі жағынан да заман талабына сай емес. Оның пікірінше, бұрынғы тәжірибені ескере отырып, жаңа ұшатын палубалық истребительдерге арналған газтурбиналы және заманауи радиоэлектроникамен жабдықталған кеме жасау қажет.
Айта кетейік, "Адмирал Кузнецов" – Ресейдің жалғыз авиатасығыш кемесі, суға 1985 жылы жіберілген. Ол – палубалық ұшақтармен жабдықталған 1143 жобасының бесінші ауыр авиакрейсері.
Фото: picture-alliance/dpa/Dover Marina


Ең көп оқылған
