Цой 1,2 миллион коронатесті әлі сатып алмапты

Malim Админ

  • 16.07.2020

Денсаулық сақтау министрлігі маусым айының соңында сатып аламыз деп уәде еткен коронавирусты анықтайтын 1,2 миллион ПТР тесті әлі сатып алмаған болып шықты. Бұл бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев берген брифингіде мәлім болды. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі "оны алдағы уақытта сатып аламыз" деп уәде етті.

"Тиісті тест жүйесін, оның ішінде отандық тауар өндірушілердің тест жүйесін сатып алуға дайындық жүріп жатыр. Ұлттық сараптама орталығында отандық тест жүйесін қолдануды жоспарлап отырмыз. Үкімет резерві аясында 1,2 миллион тест жүйесін сатып алу жоспарланып отыр. Тест жүйесі бұл жолы отандық өндірушілерден сатып алынатынын ескерсек, оған осы салаағы барлық тауар өндірушілер қатыса алады", - деді Тимур Сұлтанғазиев.

"Қазір тиісті процедуралар жүріп жатыр. Жақында тест жүйелер сатып алынуы керек", - деп қайырды ол.

Тимур Сұлтанғазин 1,2 миллион ПТР тест жүйесі мен 20 ПТР анализатор сатып алу үшін 15,6 миллиард теңге бөлінгенін айтты.

Malim kz ПТР тестердің тапшылығы мәселесін 22 маусым күні көтеріп, денсаулық сақтау министрлігіне хабарласқан. Бүгін қызметінен кеткен денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп сол тұста "коронавирусты анықтайтын тестерді министрлік сол аптаның ішінде сатып алатынын" айтқан. Malim kz бұл мәселе бойынша маусымның 22-сі күні Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне бірнеше сұрақ жолдаған. Біз бұл тестер қашан сатып алынатынын және оған ақша бөлінген-бөлінбегенін сұраған едік. Баспасөз қызметінен әлі күнге дейін жауап келмеді, ал министрліктің баспасөз хатшысы Гаухар Бисарина сұрағымызға жауапты кімнің дайындап жатқанын да нақтылап айтпай, мессенджердегі хабарламаларымызға жауап бермей отыр.

18 маусым күні сол тұстағы министрдің орынбасары Ляззат Ақтаева 1,2 миллион тестің сатып алынатынын мәлімдеген. 30 маусым күні жаңадан министр болып тағайындалған Алексей Цой 1,2 миллион тест жақын уақытта сатып алынады деп уәде берген.

Оқи отырыңыз: Жоқ коронатесті іздеген жүкті әйелдің зары

 

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Kaspi.kz  Денсаулық сақтау және Цифрландыру министрлігі  анықтама алу сервисін іске қосты

27.09.2022

Маска режимі қайта оралуы мүмкін  

30.06.2022

Денсаулық сақтау министрі жаңа болжамын жариялады

12.01.2022

Жақын күндері “омикрон” келеді деп күтіп отырмыз - Бабақұмаров

23.12.2021
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Kaspi.kz  Денсаулық сақтау және Цифрландыру министрлігі  анықтама алу сервисін іске қосты

Kaspi.kz Цифрландыру министрлігімен және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жаңа сервисті іске қосты.

Маска режимі қайта оралуы мүмкін  

Ауру жұқтырғандар саны тәулігіне 100 адамға дейін жетіп отыр

Денсаулық сақтау министрі жаңа болжамын жариялады

Жақын күндері “омикрон” келеді деп күтіп отырмыз - Бабақұмаров