"Қазақтар одан әрі кедей әрі сауатсыз болады"

Malim Админ

  • 23.07.2020

Дүниежүзілік банк COVID-19 пандемиясының Қазақстанға әсеріне шолу жасап, "Дағдарысты еңсеру" атты есебін жария етті.

Дүниежүзілік банктің есебінше, Қазақстан коронавирус кесірінен соңғы 20 жылдағы ең ауыр дағдарысты бастан өткеріп отыр, коронавирустың экономикаға әсері жойқын болған.

Дүниежүзілік банк салық жеңілдіктері мен салықтан босату дағдарысқа қарсы шығындарды көбейтіп, бюджет табысын төмендетті, осының кесірінен 2020  жылы бюджет тапшылығы артады деп есептейді.

Ұйым есебінде биыл Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 3 пайызға қысқарады деп болжайды. "Ішкі шығын мен сыртқы сұраныс қысқаратындықтан, ішкі жалпы өнім қысқарады деп болжаймыз. Биыл ішкі жалпы өнім 1990 жылдардан бері алғаш рет төмендейді деп болжаймыз. Өйткені сыртқы сұраныс және мұнай бағасы төмендеуі мүмкін, ал вирустың экономикаға әсері ұзаққа созылады".

"Биліктің кәсіпкерлік қызметті қайта іске қосу шешімі экономикалық дағдарысты әлсіретуге көмектессе де, көптеген кәсіпорындар ұзақ уақыт тұрып қалғандықтан, өндірісті қайта бастауы қиын болуы мүмкін".

Дүниежүзілік банк елде кедейлер саны өседі деп болжайды.  "Ұзаққа созылған дағдарыс кедейшіліктің өсуіне алып келуі және теңсіздікті арттыруы мүмкін. Кедейшілік 2020 жылы 12,7 пайызға дейін өсуі мүмкін, бұл 800 мыңнан астам адам кедейшілікте өмір сүреді деген сөз.  Пандемия мен оның салдары еңбек нарығына қатты әсер етті, мұның әсіресе біліктілігі тмен жұмысшылар істейтін сектор үшін салдары ауыр болады. Карантин кезінде сапалы білімге тең дәрежеде қол жеткізе алмау әлеуметтік әлсіз топтарда адам капиталының дамуына теріс әсер етеді", - делінген есепте.

Дүние жүзілік банк COVID-19-дың білім беру саласына да шолу жасады. "Қазақстанда COVID-19 індеті оқуға айтарлықтай теріс әсер етеді және фунционалды сауатсыз оқушылардың санының артуына алып келеді. Білім алушы оқу жылы ішінде PISA 40 балын алады, орта есеппен мектептер шамамен төрт айға жабылды және елдегі қашықтықтан оқыту күндізгі оқуға қарағанда екі есе тиімді емес деген пайымға сүйенсек, Қазақстандағы оқу деңгейі PISA 8 балының эквивалентіне түседі деген қорытынды жасауға болады, бұл елдегі үлгерім деңгейінің төмендеу үрдісін одан әрі күшейтеді. Бұдан басқа, қазіргі уақытта елдегі оқушылардың көпшілігінің дайындық деңгейі функционалдық сауаттылық шегі ауданында болғандықтан және кейбір оқушылар басқаларға қарағанда артта қалады деп болжамдасақ, функционалдық сауаттылығы жоқ оқушылардың саны 3 пайыздық тармаққа (64-тен 67 пайызға дейін) артады деп болжауға болады", - делінген есепте.

"Қашықтан оқытудың барлық оқушылар үшін тиімділігі аз болуы мүмкін, ал төменгі әлеуметтік-экономикалық топтардағы оқушылары үшін оның тиімділігі тіпті аз болады", - дейді есепте. Яғни компьютер, электронды құрылғылар мен теледидары бар отбасылардың оқушылары қашықтан оқыту мүмкіндігін толық пайдалана алса, аз қамтылған топтардың оқушылары бұған қол жетізе алмауы мүмкін. Бұл оқу үлгеріміндегі алшақтыққа алып келеді.

 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев дәрігерлерге қалай көмектеседі?

29.03.2020

Жоқ коронатесті іздеген жүкті әйелдің зары

22.06.2020

Дәрігер: Індет шарықтау шегіне әлі жеткен жоқ

02.07.2020

Цойдың цифры шатастырады

03.08.2020

Әсия Төлесованың үстінен қылмыстық іс қозғалды

09.06.2020

Бекшиннің болжамы: Эпидемиологиялық ахуал нашарлайды

20.03.2021
MalimBlocks
Тоқаев дәрігерлерге қалай көмектеседі?

Жоқ коронатесті іздеген жүкті әйелдің зары

Дәрігер: Індет шарықтау шегіне әлі жеткен жоқ

Цойдың цифры шатастырады

Әсия Төлесованың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Бекшиннің болжамы: Эпидемиологиялық ахуал нашарлайды