Сара Назарбаева 79 жасқа келді

  • 12.02.2020
  • Қанат Тілеухан

Бүгін Қазақстанның алғашқы бірінші ханымы Сара НАЗАРБАЕВАНЫҢ туған күні. Экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ жұбайы 79 жасқа келді.

Сара АЛПЫСҚЫЗЫ 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Қызылжар ауылында дүниеге келген. 1992 жылы ана мен баланы,  жетім балаларды қамқорлыққа алатын және білім алуына жәрдемдесетін  "Бөбек" қорын ашты. Қазақстанда тұңғыш "SOS Киндердорф" балалар ауылын ашылуына мұрындық болды.

Қоғамдық жұмысы үшін "SOS Киндердорф" халықаралық қорының алтын медалімен, ЮНИСЕФ арнайы сыйлығымен, «Өзін-өзі тану философиясы мен оқу мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін» Шыңғыс Айтматов атындағы алтын медальмен және Қазақстанның бірінші дәрежелі «Достық» орденімен марапатталған. Сондай-ақ, бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының Ихсан Дограмачи атындағы халықаралық жүлдесі және «Құрманжан Датқа» мен Unity халықаралық жүлдесіне ие болған. Софи Лореннің Ресей «Қызыл крест» қоғамы тағайындаған «Алтын жүрек» халықаралық жүлдесін тапсырған.

Былтыр 2019 жылы президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Тәуелсіздік күні қарсаңында Сара Алпысқызын бірінші дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттаған.

Фото: bobek.kz

Байланысты жаналықтар

Дәулеталин: Әлеуметтік әріптестер қызметінің ынтымақтастығы дағдарысты еңсеруге мүмкіндік береді

04.06.2020

Жамбыл ауданына кәсіпкерлер жәрдемдесті

21.07.2020

Цойдың өкілі "Минздравты" өртеуге кеңес беріп жүр

25.09.2020

Табиғатты акциясыз да қорғауымыз керек

17.04.2020

Праймериз көшбасшыларды ғана емес, мықты сарапшыларды іріктеп беруі керек – Яков Федоров

24.07.2020

"Болашақ" бағдарламасы: Құжат тапсыру мен іріктеу онлайн форматта өтеді

19.03.2021