Сара Назарбаева Алматыдағы Ұлттық госпитальда емделіп жатыр - А.Бралов

Қазақстанның бұрынғы бірінші ханымы Сара Назарбаева қазіргі уақытта Алматы қаласындағы Президент істері басқармасының Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде ем қабылдап жатыр. Бұл туралы госпиталь директоры Асхат Бралов мәлімдеді деп хабарлайды Malim.kz BES.media-ға сілтеп.
Пациент Қазақстан Республикасы Президенті істері басқармасының Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде ем қабылдап жатыр. Барлық медициналық шаралар бекітілген стандарттарға сәйкес және білікті мамандардың бақылауымен жүргізілуде, – деді ол 3 маусым күні BES.media редакциясы жіберген ресми сұранысқа жауап ретінде.
Сара Назарбаева мамыр айының басында Совминкаға жатқызылған болатын. Бұрынғы бірінші ханымның денсаулығы жайлы ақпарат дәрігерлік құпия болып табылады. Біраз уақыттан кейін қазақстандық БАҚ-та оның қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Алайда бұл мәліметті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай кейін жоққа шығарды.
Фото: ашық дереккөз

Ең көп оқылған
