Қашықтан оқыту: Бас мұғалім оқуға дайын ба?

Malim Админ

  • 04.08.2020

Бүгін үкімет мүшелері онлайн форматта жиналыс жасап, қашықтан білім алатын оқушылардың жағдайын сөз етті. Асхат Аймағамбетов санап келген деректерін үкімет басшысына түсіндіріп өтті.    

«Сонымен, алдын ала болжам бойынша, интернет платформалар мен теледидарды пайдалана отырып, қашықтан оқыту форматында 2,6 миллион оқушы (79%), кезекші сыныптарда - 530 мың бала (17%), штаттық түрде ауылдарда 157 мыңнан астам оқушы (4%) білім алады деп күтілуде», - деді бас мұғалім.

Карантиндегі жаңа оқу жылының жаңа шарты бойынша мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналардың қалауымен балаларды кезекші топтарға қабылдау ұйымдастырылмақ.  Бұл топтардағы балалар саны он бестен аспауы тиіс.

Колледждегі білім беру амалы  педагогикалық, IT, әлеуметтік, гуманитарлық бағыттардағы мамандықтар бойынша қашықтан оқыту, технологиялық, аграрлық, медицина, өнер бағыттары бойынша аралас оқыту ұсынылмақ.  Яғни, студенттер керек кезінде зертханалық жұмыстар мен өндірістік  тәжірбиеге араласа алады.

Ал шалғайдағы ауыл мен шағын қалалардағы бір топтағы студент саны 15-тен аспайтын 102  колледждің 9 мыңнан аса студенті сабақты бұрынғыдай сыныпқа барып келіп оқымақ.  Жоғары оқу орындарының студенттері онлайнда білім алмақ. Яғни, ауылында интернет сапасы жақсы студент бірінші тоқсанда қалаға келіп, табанын тоздырмаса да болады. Бакалавриатта педагогикалық, IT, әлеуметтік және гуманитарлық бағыттарында білім қуғандар үйде жатып, интернетке телмірмек.

Аймағамбетовтің жоспары бойынша, техникалық, аграрлық және табиғи бағыттар, медицина және өнер мамандықтарының 70 пайыз сабағы онлайн форматта, қалған 30 пайызы санитарлық шараларды сақтау шартымен дәстүрлі жолмен өтеді. Болашақ дәрігерлер оқитын интернатура мен резидентурада оқу дәстүрлі, штатты формата жүреді.

"Көктемдегі карантиндегі сапасыз интернет пен жүйесіз білім жоспарынан сабақ алдық" дегенді бас мұғалім ашып айтпағанымен сол кемшіліктердің түзеліп жатқанын да жеткізді.

«Бүгінгі күні әр мектеп IT компаниялардың интернет платформаларында педагогтардың сұраныстарына жауап беретін кез келген платформаны таңдауға құқылы. Біз оларды толық таныстырып аяқтадық. Осы қысқа мерзімде бірнеше жаңа платформалар да нарыққа шықты, бәсекелестік пен таңдау бар»,- деді А. Аймағамбетов.

Алты мыңнан астам түсірілген телесабақ «әл-Фараби» мен «Ел-Арна» арналарында кем дегенде  9 сағат эфирде берілмек. Бірақ, бұл каналдар 604 елді мекенде көрсетілмейді.

«604 елді мекеннің 314-де ғана оқушылар бар. Бұл мәселе жергілікті телеарналарға ретрансляциялау, спутниктік антенналар орнату арқылы шешіледі», - деді министр.

 

Байланысты жаналықтар

Цой сенбейді, Аймағамбетов сенеді. Кім патриот?

01.10.2020

Асхат Аймағамбетов оқу орындарын не үшін жауып жатыр?

18.02.2021

Білім мен ғылым жолы – адал жол

13.11.2020

"Аймағамбетовтің орынбасары ақша жымқырды деген күдікке ілінді"

22.07.2020

Көлгінов вице-премьер болады екен...

25.12.2020
MalimBlocks
Цой сенбейді, Аймағамбетов сенеді. Кім патриот?

Асхат Аймағамбетов оқу орындарын не үшін жауып жатыр?

Білім мен ғылым жолы – адал жол

"Аймағамбетовтің орынбасары ақша жымқырды деген күдікке ілінді"

Көлгінов вице-премьер болады екен...