Көлгінов вице-премьер болады екен...

Malim Админ

  • 25.12.2020

Журналист Михаил Козачков өзінің Kozachkov offside Telegram-арнасында "Интернет-Имидж" атты қор  парламент сайлауынан кейінгі ықтимал ауыс-түйістерге үңіліп, "Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов сайлаудан кейін вице-премьер болуы мүмкін" деген болжам ұсынғанын жазыпты. Козачков Көлгіновтің қызметі өседі деп долбарлаған "Интернет-Имидж" атты қордың жетекшісі Алтай Көлгіновтің бұрынғы баспасөз хатшысы әрі экс-кеңесшісі, қазіргі кезде әкімдікке қарасты Elorda Aqparat ЖШС-ның директоры Жарқын Түсіпбекұлының әйелі Алтын Зайнуллина екенін анықтаған.

"Байбек немесе Шүкеев  – премьер-министр, ал Көлгінов пен Аймағамбетов – орынбасарлар"

Қазіргі кезде Алтын Зайнуллина басқаратын "Интернет-Имидж" қорының сайты ашылмай тұр. Алайда біз интернет архивтерден қор сайтындағы мәліметтерді қарап шыға алдық. Расында да, қор парламент сайлауынан кейін үкімет құрамы туралы болжам ұсынған.

Премьер-министр лауазымына қазір Түркістан облысының әкімі қызметін атқаратын Өмірақ Шүкеев немесе Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек барады деп болжайды. Ал қазіргі премьер Асқар Мамин "Самұрық-Қазына" инвестициялық қорының төрағасы немесе астана әкімі болуы мүмкін дейді. Қор болжамына сенсек, премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметінде қала бермек. Ал үкімет жетекшісінің орынбасары Ералы Тоғжановтың орнын білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов немесе президенттің көмекшісі Тамара Дүйсенова басуы мүмкін. Ал Ералы Тоғжанов мәжіліске депутат болып кетеді-мыс.

Премьер-министрдің тағы бір орынбасары Роман Скляр аймаққа кетуі мүмкін деп болжайтын "Интернет-Имидж" қоры оның орнына Алтай Көлгінов баруы мүмкін дейді.

[caption id="attachment_10837" align="aligncenter" width="626"] https://imagemeter.kz сайтының архивінен алынған скриншот[/caption]

[caption id="attachment_10838" align="aligncenter" width="586"] https://imagemeter.kz сайтының архивінен алынған скриншот[/caption]

"Интернет-Имидж" қай министрлер мен әкімдер кететінін, қайсысы қызметін сақтап қалатынын да болжапты. Алайда осы болжамдар  сарапшылар пікіріне негізделіп жасалды ма, әлде қор өзі болжады ма, әдістемесі ашылып жазылмапты.

Көлгінов қашанда бірінші орында

Ашық деректерге қарағанда, 2020 жылдың 5 қазанында құрылған "Интернет-Имидж" жеке қорын Алтын Зайнуллина басқарады. Ал қордың құрылтайшысы – Садуақасова Алмагүл Заманияновна.  Астанадағы № 88 мектеп-лицейдің сайтында Садуақасова Алмагүл Заманияновна қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде көрсетілген.

Domainbigdata.com мәліметіне қарағанда, "Интернет-Имидж" қорының сайты осыдан үш ай бұрын ғана, шамамен қыркүйек айында ашылған.  Ал қыркүйек айында ашыла салысымен "Интернет-Имидж" сайты әкімдіктердің рейтингісін жариялапты. Сауалнамаға 40 сарапшы қатысып, әкімдіктердің жұмысын 7 критерий бойынша бағалаған. Бұл рейтингте 4,92 балмен Алтай Көлгінов басқаратын әкімдік өзгелерді артқа тастап, бірінші орынға шыққан. Екінші орынға Түркістан облысының әкімдігі жайғасса, Алматы қаласының әкімдігі үшінші орыннан шыққан.

[caption id="attachment_10840" align="alignleft" width="758"] https://imagemeter.kz сайтының архвінен алынған скриншот[/caption]

Рейтингтен оза шапқан Алтай Сейдірұлы басқаратын әкімдік жайлы қор сайтында былай делінген: "Астанада әлеуметтік-экономикалық дамудың оң динамикасы, инвестициялық және құрылыс серпілісі сақталып тұр. Қалалық әкімшілік нақты нәтиже беретін макро және микропроцестермен ғана айналыспайды. Мысалы, 150 аула мен 50 қоғамдық орынды көркейту жұмыстары жалғасуда. Көркейту жұмыстары кезінде "Бюджетке қатысу" бағдарламасы бойынша тұрғындардың пікірі есепке алынады...".

Дәл осындай рейтинг сайтта желтоқсанның 4-і күні де жарияланыпты. Қарашаның айының рейтингісі бойынша тағы да Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі бірінші орынға шыққан.

Көлінов басқаратын тек қазан айындағы рейтингте ғана бірінші орынға шыққан Алматы әкімдігінен қалып қойып, екінші орында сырғыған.

 "VIP-тұлғаларға қызмет көрсететін" қор

Сайттың Интернетте сақталып қалған архив парақшаларына қарағанда, "Интернет-Имидж" интернеттегі жағымсыз имиджді түзейтін қызметтер көрсетеді. "Сіз жеке тұлға, бренд немесе ұйымыңыздың жағымды имиджі үшін көп күш жұмсайсыз. Алайда іздеу жүйелерінде әлі күнге дейін теріс сипаттағы мәліметтер басым. Не істеу керек? Қолданушылардың 90 пайызы іздеу жүйесіндегі бірінші беттен басқа беттерге өтпейтіні белгілі. Ал сіз туралы әділетсіз әжуа памфлет немесе мысқылдайтын мақала іздеу жүйесінде бірінші орындарда тұруы мүмкін. Біз сіздің абыройлы атыңызды қалпына келтіре аламыз", - делінген қор сайтында.

Сондай-ақ қор Интернеттегі тұлғалар мен брендтердің имиджі тарихын зерттеп, қандай пікір басым екенін анықтап бере алады. Тағы бір қызығы, қор VIP-тұлғалар, өздері жақшаның ішіне жазып қойғандай жоғары шенді шенеуніктер, мемлекет қайраткерлері, бизнесмендерге арнап аналитикалық анықтама дайындайды. Яғни қандай да бір шенеунік туралы  қоғам не дейді, ол неліктен жақсы немесе жаман екенін анықтап беріп, тіпті оған қарсы ақпараттық шабуыл бар-жоғын, бар болса, оған қатысушылар кімдер екенін аша алады.

[caption id="attachment_10845" align="aligncenter" width="777"] https://imagemeter.kz сайтының архивінен алынған скриншот[/caption]

Жарқын Түсіпбекұлы: Менің ешқандай қатысым жоқ, бүгіннен бастап қызметтен кеттім

"Көлгінов сайлаудан кейін вице-премьер болуы мүмкін" деген болжамды ұсынған "Интернет-Имидж" жеке қорының жетекшісі Алтын Зайнуллинаның күйеуі – Жарқын Түсіпбекұлы. Ол Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілігінің медиа ресурстары:  қазақ тіліндегі "Астана Ақшамы",  орыс тіліндегі"Вечерняя Астана" газеттері мен elorda.info, astana_akshamy.kz, vechastana.kz интернет-ресурстары және "Қалалық шешімдер бюросы" коммуникация алаңы кіретін Elorda Aqparat ЖШС-ға жетекшілік етеді. Көлгінов  Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тұрғанда Жарқын Түсіпбекұлы оның кеңесшісі қызметін атқарған. Биылғы жылы Elorda Aqparat ЖШС Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінен 260 миллион теңге тендер алған.

Біз Жарқын Түсіпбекұлына хабарласып, "Өзіңіз әкімдікке қарасты Elorda Aqparat-ты басқарасыз, ал жұбайыңыз басқаратын қор ай сайын рейтинг жасап, онда Көлгінов көш бастайды. Енді сайлаудан кейін вице-премьер болады деп болжам ұсыныпты. Бұл Көлгіновті лоббилау емес пе?" деп сұрадық. "Бұл  жерде менің еш қатысым жоқ зерттеуге, фондқа. Өзінің жеке тұлғалары бар, біріншіден. Екіншіден, болжамдарына пікір айта алмаймын. Себебі оған араласқан емеспін. Пікірімді Facebook-тан қарап алыңыз" , - деді.

Facebook-тегі парақшасында Жарқын Түсіпбекұлы бүгіннен бастап «Elorda aqparat» ЖШС директоры қызметінен кететінін хабарлапты: "Біріншіден, жеке қор құруға әркімнің құқығы бар. Және ол қордың жұмысына араласқан емеспін.Екіншіден, талқыға салынып отырған жеке қордың қандай да бір қаржылық операцияға қатысы жоқ. Жақында ғана құрылды, еш жерден қаржыландырылған жоқ.Үшіншіден, болжамдар қай кезде де жасалып келген. Бұл болжамға менің де, «Elorda aqparat» компаниясының да еш қатысы жоқ. Ішкі саясат басқармасына қарасты «Elorda aqparat» ЖШС жұмысымен және әкімдікпен жеке қордың жұмысын еш байланыстырудың қажеті жоқ. Ол зерттеуді саясиландырмауды сұраймын. Сондықтан бүгіннен бастап, ішкі саясатқа қарасты «Elorda aqparat» ЖШС директоры лауазымынан өз еркіммен кету туралы шешім қабылдадым", - дейді Жарқын Түсіпбекұлы.

Яғни, біз дұрыс түсінсек, Жарқын Түсіпбек бастығы Алтай Көлгіновті вице-премьер "жасауға" қатысы жоқтығын айтқанымен, осы болжамды болжағаны үшін қызметінен өз еркімен кетіп бара жатқанын айтып тұр. Әйтпесе, әйелі мен бастығына ғана қатысты істі "саясиландырмаңдаршы" демес еді ғой.

Мақаланы көшіріп басуға болмайды!

Байланысты жаналықтар

Құқық қорғау жүйесінде реформа жасау үшін күш-жігерімізді біріктіру керек – Асхат Аймағамбетов

12.10.2024

Қазақстан мен Ресей энергетика саласындағы қатынасты нығайтуға ниетті

11.10.2024

Елімізде әлеуметтік салаға 14,5 триллион теңге бөлінген

01.08.2024

Ақмола облысының жылыту маусымына дайындығы тексерілді

20.07.2024

Маман тапшы жерге жұмысқа барғандарға 9 млн теңге беріледі

19.07.2024

Роман Скляр жаңа қызметке тағайындалды

02.07.2024
MalimBlocks
Құқық қорғау жүйесінде реформа жасау үшін күш-жігерімізді біріктіру керек – Асхат Аймағамбетов

Мәжіліс депутаты жағдайды ушықтырмауға шақырды

Қазақстан мен Ресей энергетика саласындағы қатынасты нығайтуға ниетті

Елімізде әлеуметтік салаға 14,5 триллион теңге бөлінген

Мемлекет басшысына әлеуметтік саланы қаржыландырудың жаңа әдістері таныстырылды.

Ақмола облысының жылыту маусымына дайындығы тексерілді

Роман Скляр Степногорск қаласының ЖЭО-дағы қаланың тұрғын үй секторын тексерді.

Маман тапшы жерге жұмысқа барғандарға 9 млн теңге беріледі

Биыл заңға жаңа өзгерістер енді

Роман Скляр жаңа қызметке тағайындалды

Бекітілген регламентке сәйкес, орталық қызметіне жалпы басшылықты Премьер-министрдің бірінші орынбасары жүзеге асырады.