Асхат Аймағамбетов оқу орындарын не үшін жауып жатыр?

Malim Админ

  • 18.02.2021

Асхат Аймағамбетов оқу орындарын не үшін жауып жатыр? Білім және ғылым министрлігінің өкілдері бүгін өткен онлайн брифингіде жоғары оқу орындарын не себепті лицензиядан айырып жатқанын түсіндірді.

Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов оқу орындары қандай талаптарға сай келмесе, лицензиядан айырылатынына тоқталды. Вице-министрдің айтуынша, қандай да бір жоғарғы оқу орнын лицензиядан айыру бір күндік шаруа емес, бұл 1,5 жылға созылатын процесс.

"Білім және ғылым министрлігі тексеретін оқу орындары тәуекелдерді бағалау жүйесіне кіреді, ол тәуекелдерді оқу орнының өзі толтырған. Кәсіпкерлік кодестің қабылданғанына 3 жыл болды. Осы кодексте тексеру механимдері жазылған. Яғни білім және ғылым министрлігі тексерісті сол жүйеге сәйкес жасайды. Жоғарғы оқу орны тиісті карта мен құжаттарды электронды түрде толтырады, сөйтіп, бүкіл тәуекелдер жүйеде көрінеді. Жұмыс берушілер немесе басқа ұйымдар министрлікке хабарласып, қандай да бір жоғарғы оқу орны диплом сатады десе, министрлік әрекетсіз отыра алмайды", - деді Мирас Дәуленов.

Вице-министрдің айтуынша, алғашқы тексерістен кейін оқу орнына кемшіліктерді жоюға уақыт беріледі. Кемшіліктер жойылмаса, министрлік тағы бір тексеріспен келеді.

Бүгін tengrinews-ке сұхбат берген білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов те жоғарғы оқу орындарын не үшін жауып жатқанына тоқталған.

"Студент 1-курсқа түсіп, құжатын тапсырады. 4-курсты бітіргенде құжаттарын әкетеді. Бұл кімге керек? Бізде бір топта 2-3 адам ғана оқитын оқу орындары көп, оның көбі жекеменшік. Бұл экономикалық жағынан да тиімсіз. Ал бұдан сіз, мен, бүкіл қоғам зардап шегеді. Өйткені ол оқу орындарынан нашар заңгер, бәлкім, судья, прокурор, мұғалімдер мен дәрігерлер шығады", - деді Асхат Аймағамбетов.

Бүгін брифингіде оның ойын құптаған вице-министр Мирас Дәуленов те жоғары оқу орындарына диплом үшін түсетіндер көбейгенін айтты.Оның айтуынша, күндізгі бөлімде жасы 30-дан асса да оқып жүрген студенттер баршылық.

"Олардың бірінші курста-ақ зейнетақы жарнасы бар. Олардың жастары әртүрлі. Бір оқу орнындағы студенттердің көпшілігінің жасы 30-дан асып кеткен. Оларды тексерсек, бұл студенттер компаниялар мен ұйымдарда күніне 8 сағаттық жұмыс істейді екен. Сонда жұмыс істеп жүрген олардың қашан оқитыны түсініксіз. Сондықтан оқу орны мұндай тәуекелдердің бәрін біледі, біз оларды сол тәуекелдер бойынша тексереміз", - деді Мирас Дәуленов.

Білім және ғылым министрлігі жақына 58 жылдық тарихы бар Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетін лицензиядан айырған. Бұл әлеуметтік желіде қызу талқыланып, министрлікті ашық емес тексеріс жүйесі сынағандар болды.

 

Байланысты жаналықтар

Құқық қорғау жүйесінде реформа жасау үшін күш-жігерімізді біріктіру керек – Асхат Аймағамбетов

12.10.2024

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАСЫ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДА

14.08.2024

Маман тапшы жерге жұмысқа барғандарға 9 млн теңге беріледі

19.07.2024

Депутаттар мектепті жайлы әрі қауіпсіз жасамақ

30.05.2023

Мені жамандай бер! – Аймағамбетов несімен есте қалды?

05.01.2023

Енді 5-8 және 10-сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады

10.11.2022
MalimBlocks
Құқық қорғау жүйесінде реформа жасау үшін күш-жігерімізді біріктіру керек – Асхат Аймағамбетов

Мәжіліс депутаты жағдайды ушықтырмауға шақырды

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАСЫ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДА

2023 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жетекші халықаралық компаниялармен ынтымақтастық орнатуды және білікті мамандарды даярлауға баса назар аударуды тапсырды.

Маман тапшы жерге жұмысқа барғандарға 9 млн теңге беріледі

Биыл заңға жаңа өзгерістер енді

Депутаттар мектепті жайлы әрі қауіпсіз жасамақ

Мені жамандай бер! – Аймағамбетов несімен есте қалды?

Кешегі тағайындаулардың ішінде елдің назарын ерекше аударған – Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің орнынан кетуі болды. Үш жарым жыл бойы министр болған Аймағамбетовті қимайтындар аз емес екен.  

Енді 5-8 және 10-сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады

Қазақстанда жаңа оқу жылынан бастап 5-8 және 10 сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады. Оқу-ағарту министрлігі осындай хабар таратты.