Балықты аймақтарда браконьерлермен күрес қатты жүреді

Malim Админ

  • 12.08.2020

Қазір елімізде балық ресурстарына байланысты жаңа көзқарас қалыптасып келеді. Балық шаруашылғын дамытып, оны экономикамыздың негізгі бөлшегіне айналдыру мақсатында, жыл сайын уылдырық шашатын уақытта асыл тұқымды балықтардың уылдырығы үлкен көлдер мен өзендерге жіберіліп келеді.

Балық шаруашылығын дамыту тек оны көбейтуден тұрмайтыны белгілі. Балықтарды қорғау арқылы да көбейтеміз. Жыл сайын балықты аймақтарда бірнеше қылмыстық істер қозғалып отырады. Биыл да заң бұзушы, балқыты заңсыз аулайтын тұлғалар азайып тұрған жоқ.

Биыл Шығыс Қазақстан облысында балық ресурстарын қорғау аясында 577 тұлға жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Министрліктің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері 2020 жылдың 7 айында бақыланатын аумақтарда балық қорғау заңнамасы нормаларының сақталуын тексеру бойынша 1 317 жедел рейд жүргізді. Рейдтік тексерістер барысында балық ресурстарын қорғау аясында 577 заң бұзушылық анықталды. Ол бойынша 577 тұлға жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде өрескел заң бұзушылық жасағаны үшін (тыйым салынған аулау құралдарын пайдалану, тыйым салынған мерзімдерде және орындарда балық аулау, тіркелмеген қайықтарды және т.б. қолдану) 95 материал сотқа жіберілді. 9 801 384 теңгеге айыппұл салынды, 5 415 850, 6 теңге сомасындағы залалды өндіру бойынша талап-арыз ұсынылды. Заңсыз қолданылған 1 352 дана аулау құралы алынып қойылды, оның ішінде синтетикалық моно-талшықтан жасалған 924 ау, 11 қайық және әртүрлі типтегі 6 мотор, 3933,7 кг заңсыз олжаланған балық тәркіленді. 2020 жылдың 7 айында Инспекцияның лауазымды тұлғалары табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілері бойынша 7 қылмыстық іс қозғады. Нәтижесінде 9 адам жауапкершілікке тартылды. Құрамына мүдделі органдар (прокуратура, ішкі істер департементі, Инспекция) кіретін жедел топтар құрылды. Құқық қорғау органдарының өкілдерімен жүргізілген 32 бірлескен рейдтік іс-шара барысында 8 құқықбұзушылық ашылды. Шығыс Қазақстан облысы шеңберіндегі су айдындарында 2020 жылғы 15 ақпаннан бастап 2020 жылғы 1 шілде аралығында балықты және басқа су жануарларын аулауға бекітілген лимит 3804,973 тоннаны құрайды, оның 3591,591 тоннасы, 94,3%-ы игерілді. 2020 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарында 3206,4 мың теңге сомаға 2658,0 мың дана балық жіберілді. Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарында 350,0 мың теңге сомаға 1000,0 мың дана балық жіберілді. Келтірілген залалды өндіріп алу есебінен «Шүлбі ГЭС» ЖШС 2 917 707 теңге сомаға 132623 дана, «Өскемен ГЭС» ЖШС 6 955 847 теңге сомаға 297 730 дана, «Казцинк» ЖШС 1 773 333 теңге сомаға 70933 дана балық жіберу жұмыстарын жүргізді.

Ал балыққа бай Атырау облысының полицейлері жыл басынан бері балық қорына заңсыз қол сұққандарға қатысты 57 қылмыстық іс қозғаған. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полицейлер биыл балық қорын қорғауға қатысты құқық бұзушылықты төмендетуге қол жеткізген. «Мұндай оң нәтижеге браконьерлік үшін жауапкершіліктің қатаңдатылуы оң ықпалын тигізді. Сонымен бірге, карантин режимін сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген іс-шараларға да байланысты болып отыр», – дейді облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев. Оның мәлім етуінше, жыл басынан бері жүргізілген профилактикалық іс-шаралар кезінде табиғат қорғау заңнамасы 337 мәрте бұзылған. Оның 305-і балық қорына қол сұғуға қатысты болған. Осыған байланысты полиция қызметкерлері 57 қылмыстық іс қозғаған. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 383-бабымен 276 хаттама толтырылған. Құқық бұзушыларға 3 млн теңгеден астам айыппұл салынып, 1,5 млн теңгеден астамы өндірілген. Заңсыз сауда айналымынан 9 тоннадан астам балықты тәркіледі. Оның ішінде бекіре тұқымдас бағалы балықтың 999 келісі бар. Сондай-ақ, 284 ау мен 2 қайық бар.

Қазіргі кезде осы бекіре тұқымдас балықтарға сұраныс туып тұр. Сонымен қатар қауіп те осы балықтарға көп төнеді. Заңсыз аулаушы жұрт оның етінен бұрын уылдырығына қызығады. Тіпті, ішін жарып, уылдырығын алып, сүйегін тастап кетіп жатады.

Адам баласының табиғатқа жасаған ең зор қиянатының бірі деп қабылдасақ болатындай.

Байланысты жаналықтар

Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

16.04.2024

Алимент төлеуден қашқандардың қарызы - 14 млрд теңге

30.01.2023

Балық аулаудың да тәртібі бар

29.09.2020

Карантин уақытында заңсыз балық аулаушылар көбейіп кеткен

15.04.2020

Заңсыз әрекетке қатаң заңмен жауап керек

31.03.2020

Жыл басынан бері 50-ге жуық заң бұзу фактісі тіркелген

20.02.2020
MalimBlocks
Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

Бұл туралы Тоқаев Қостанай ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты.

Алимент төлеуден қашқандардың қарызы - 14 млрд теңге

Екі мыңнан астамы іздеуде жүр

Балық аулаудың да тәртібі бар

Карантин уақытында заңсыз балық аулаушылар көбейіп кеткен

Заңсыз әрекетке қатаң заңмен жауап керек

Жыл басынан бері 50-ге жуық заң бұзу фактісі тіркелген