Цойдың өкілі "Минздравты" өртеуге кеңес беріп жүр

Malim Админ

  • 25.09.2020

Денсаулық сақтау министрі Алексей ЦОЙ-дың Facebook-тағы парақшасына «қазіргідей ауыр кезеңде қоғаммен дұрыс байланыс орнатуға көмектесуге дайын» екенін айтып, хат жазып, министрдің ресми өкілі болып шыға келген журналист Бағдат ҚОЖАХМЕТ «қоғаммен байланыс орнатудан» шаршаған сияқты. Цой-мен байланыс орнатуына көмегі тиген өзінің Facebook парақшасындағы соңғы жазбасы соны аңғартады.

“Атың шықпаса Минздравты өрте”, деген тақырыппен жазылған жазбаны білдей бір министрліктің ресми өкілінің сөзі деуге мүлде келмейді. «Қоғаммен көпір орнатып жүрген» Қожахметтің «минздравты» жамандайтындарға көңілі әбден қалыпты. Былай дейді (жазба авторының стилистикасы мен орфографиялық нормаларын сақтай отырып ұсынамыз):

«Бордюрге, әкімге, қойнында жатқан әйеліне ренжіседе өшін ақ халатты абзал жандардан алады. Олар аса мейірімді жандар емес па, бәріне шыдайды. Медсестраны қазақ бекерден МЕЙІРбике демейді ғой. Күндіз әлеуметтік желіде оның “бетіне түкіріп, табан сүртіп”, кешке жан қиналып ауырғанда түк болмағандай ыңқылдап сол дәрігерге барып емделетіндер бар. АРАМызда. Менің әріптестерім жоқ емес олардың ішінде».

Цойдың ресми өкілінің түсінігі бойынша, медицина қызметкерлерінің және жалпы медицина саласының кемшілігін айтып, «жамандаған» адамның ауыра қалған жағдайда дәрігерге қаралуға, емделуге моральдық хақы жоқ сияқты. Бірақ, «аса мейірімді жандар» өздерін қанша қаралап жатса да, бәріне шыдауға мәжбүр екен. «Арамызда» деген сөзді «АРАМызда» деп «арам» сөзін ерекшелеп жазып, бұл қатарға өз әріптестерін де қосып қойыпты – сірә, қазіргі емес, бұрынғы әріптестерін - журналистерді айтып отыр.

«Біреуді жамандап, атақ шығаратындар, «өзін өзі батыр көрсеткісі келетіндер сол баяғы Минздравқа тиіседі» екен. Ресми өкіл мұны «жақсы әдіс» деп атайды.

«Дәрігерлермен бірге жүріп көргенін бірге көріп, соның нәтижесін көпшілікке жеткізіп дегендей» жүріп жатқан Денсаулықсақтау министрлігінің ресми өкілі өзінің бұрынғы әріптестері мен «жамандағыштарға» қарата атасы айтқан «білген боғын жесін» деген сөзді айтып салыпты.

«Атам айтушы еді: - “білген боғын жесін”, деп. Бірақ ойымда жүргенін жеткізгім келді. Әрине, бір демде қоғам өзгеріп мәдениетіміз өрбіп кетпейді. Бірақ әр адам істегеніне, ойымен айтқан сөздеріне бір күні жаратушының алдында жауап береді. Оған күмәнім жоқ», - дейді ол.

«Қоғаммен көпір орнатқыш» журналист-шенеуніктің екі ай ішінде жеткен жетістігі осы болған сияқты. Өйткені, алғаш осы қызметке тағайындалғанда Қожахметтің не дегені әлі ел есінде:

«Бұл қызметтің мен үшін орны бөлек. Өйткені, қазір адам жаны сынға түскен кез. Өзім де жиі ауырдым кезінде. Дәрігерлердің арқасында сан рет сырқатты жеңген адам ретінде денсаулық пен ақ халаттылардың қадірін жақсы білемін. Сондықтан сын сағатта қол қусырып қарап отыра алмадым. Мен науқастарды емдей алмаймын, алайда, дұрыс ақпарат жеткізуді, бұқаралық ақпарат құралдарымен және қоғаммен байланыс орнатудың көзін білемін. Осы білгеніммен бөлісу – азаматтық міндетім».

Бұдан кейін екі ай уақыт өтсе де, денсаумин мен қоғам арасында орнап кеткен байланыс байқалмады. Бейресми, шай ішіп отырып министр Цойды бірді-екілі блогермен кездестіргенін қоғаммен байланыс орнату деп есептеуге бола ма, жоқ па, оны осы күнге дейін министрді журналистердің алдына шығара алмай жүрген ресми өкілдің өзі айта жатар. Айтпақшы, бұл «тәтті шайдан» кейін Цойға қолы жетпей жүрген Қожахметтің бұрынғы әріптестері әлеуметтік желіде біраз тулаған. Ар жағында мүдделестік, ымыраластық сияқты мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық нормасына, әдебіне сай келмейтін әрекет жатқан жоқ па деген күдік те туған.

Әріптестерінің сұрағына министр үшін жауап берем деп жүріп, жүйкесі жұқарды ма екен, әлде, Nur Otan-ның праймеризіне қатысам деп жүріп шаршады ма екен, әйтеуір, әдептің бәрін жиып қойып, жұртқа «боқ жегізіп» қойыпты.  Әйтпесе, өзі айтқан «қордаланып қалған мәселелерді шешу үшін, азаматтардың ұсыныс, өтінішіне дер кезінде көңіл бөліп, жауап беру мақсатында қоғаммен тығыз байланыс орнатам», деп берген уәдесін ұмыта қоятын уақыт болған жоқ. Болмаса, бар болғаны екі айдың ішінде көп нәрсені түсініп үлгерген өкіл «азаматтық ұсыныс пен өтініштер» тек ресми түрде немесе бейресми – министрмен шай ішіп отырғанда ғана емес, әлеуметтік желілерде наразы пікірлер түрінде де айтылатынын әлі түсіне алмай жатқан сияқты.

О баста «журналистерді, PR және маркетинг саласындағы әріптестерімді бірлесіп жұмыс істеуге,  қолдау көрсетуге шақырамын», дегенде, Қожахмет «денсауминнің мүддесін бірге қорғайық», деп айтқысы келді ме екен, кім біледі...

Байланысты жаналықтар

Қазақстандағы су тасқыны: елімізде жұқпалы аурулар пайда болуы мүмкін бе

08.04.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Kaspi.kz  Денсаулық сақтау және Цифрландыру министрлігі  анықтама алу сервисін іске қосты

27.09.2022

Денсаулық сақтау министрі міндетін атқару Бүркітбаевқа жүктелді

20.12.2021

Алексей Цой қызметінен босатылды 

20.12.2021
MalimBlocks
Қазақстандағы су тасқыны: елімізде жұқпалы аурулар пайда болуы мүмкін бе

Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің (СЭС) жұмысы күшейтілген режимге ауыстырылды.

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Kaspi.kz  Денсаулық сақтау және Цифрландыру министрлігі  анықтама алу сервисін іске қосты

Kaspi.kz Цифрландыру министрлігімен және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жаңа сервисті іске қосты.

Денсаулық сақтау министрі міндетін атқару Бүркітбаевқа жүктелді

Алексей Цой қызметінен босатылды