«Қараны қара, ақты ақ» деп айта алмайтын шенеуніктер бар

  • 25.09.2020
  • Бағашар Тұрсынбайұлы

«Тіл тұтастығы - ел тұтастығы» деген тақырыппен өткен онлайн-конференцияда Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских қазақ тілінде сөйлей алмайтын шенеуніктерге қынжылатынын айтты.

«Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте немесе өңірлерге барғанда кейбір мемлекеттік қызметшілер қазақ тілінде сөйлеген кезде «ақсап» жатады. Тіпті, «қараны қара, ақты ақ» деп қазақ тілінде түсіндіріп те бере алмайды. Бұл, халық арасында теріс көзқарас қалыптастырады. Меніңше, осыған да мән беруіміз керек. Мәселен, «Таңшолпан» бағдарламасының тілшілері еліміздегі бір министрлікке хабарласып, қазақ тілінде спикер сұраса мемлекеттік тілде сөйлеп бере алатын спикерлерінің жоқ екендігін айтыпты. Осындай үлкен министрлікте қазақша түсіндіріп бере алатын маманның жоқтығына таңғаламын», - деді Геннадий Шиповских.

Сонымен қатар, депутат кино саласындағы дубляж мәселесіне тоқталып, шетелдік кинолардың қазақ тіліне аударылу мәселесін айтты. Бір жағы депутат өзінің қазақ тілін білетінін білдіріп отыр. Бірақ несі бар.

Қазақ тілінде қазақтың сөйлей алмауы, тіпті,  орыс баласын да қынжылтатын уақытта өмір сүріп жатқанымызды несіне жасырамыз.

 

Байланысты жаналықтар

Тимур Құлыбаев сайлау қарсаңында партия құруы мүмкін

26.10.2020

Қазаққа «жер сыйлаған» Ресей депутаты түсініктеме берді

12.12.2020

Көлгіновке орыс тілінде ақпарат тарату маңызды

21.09.2020

Мамай Ақордаға барады

28.07.2020

Жаңа жетістіктерге бірге жетеміз

15.12.2020

Қазақстанда халық кедейленіп барады

12.04.2021