Сайлаудан кейінгі митинг

Malim Админ

  • 05.10.2020

Бішкектегі Ала-Тоо алаңында Жогорку Кенешке сайлау қорытындысына қарсы митингіге қатысушылардың саны  бес мыңға жетті. Демонстранттар ғимарат ауласына бөтелке, тас лақтырған. "Вечерний Бишкек" басылымының мәліметі бойынша, оқиға орнына арнайы жасақ тартылған. Полиция жиналғандарды резеңке оқ, жас ағызатын газ қолданып, күшпен таратқан.

Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, оқиға кезінде 16 адам түрлі жарақат алған.

Жиналғандар алдында сайлауға қатысқан 11 партияның лидерлері сөз сөйледі. Олар көптеген ережебұзушылық болды деп, соған байланысты сайлауды өтпеді деп тануды талап еткен.

24.kg порталы кешке алаңда наразылық білдірушілер Шу даңғылы бойындағы жолды жауып тастағанын хабарлады. Сондай-ақ биліктің барлық тармағы басшыларын отставкаға жіберу талаптары да айтылды.

 

Ала-Тоо алаңындағы оқиға кезінде "Ата Мекен" партиясының атынан сайлауға түскен кандидат Жанар Ақаев жарақат алды. Бұл туралы Ақаевтың көмекшісі Орозбек Муратов хабарлаған. Оның айтуынша, аяғынан жараланған Ақаевты ауруханаға жеткізу үшін "Жедел жәрдем" шақырылған.

Қырғызстанның президенті Сооронбай Жээнбековке жақын партиялар 4 қазанда өткен парламент сайлауында депутаттық орындардың басым бөлігін иеленген. Оппозиция "заң бұзу көп болғандықтан, сайлау нәтижесін мойындамаймыз" деді.

Алдын ала нәтижелерге қарасақ, 7 пайыздық межеден өткен төрт партия Қырғызстанның 120 орындық парламенті – Жогорку кенешке депутат жіберу мүмкіндігіне ие болған.

Жаңа құрылған билік партиясы – "Биримдик" (Бірлік) 24,5 пайыз дауыс алса, "Мекеним Кыргызстан" (Мекенім – Қырғызстан) - 23,88, "Кыргызстан" 8,76 пайыз дауыс жинаған.

 

Байланысты жаналықтар

Мәскеудегі теракт: Қырғызстан тумасы күдікке ілінді

26.03.2024

БАҚ: Асқар Ақаев Бішкекке оралды

02.08.2021

Қыл үстіндегі қауіпсіздік: Орталық Азияда су үшін талас басталды ма?

04.05.2021

"Басып кіру" немесе "арандату": Қырғыз-тәжік қақтығысына кім кінәлі?

04.05.2021

"Ханституция" vs Конституция: Жапаров Ақаев пен Бакиевтің ізін жалғай ма?

13.04.2021

Қырғызстан экс-премьерін тергеу тоқтатылды

24.03.2021
MalimBlocks
Мәскеудегі теракт: Қырғызстан тумасы күдікке ілінді

БАҚ: Асқар Ақаев Бішкекке оралды

Қыл үстіндегі қауіпсіздік: Орталық Азияда су үшін талас басталды ма?

"Басып кіру" немесе "арандату": Қырғыз-тәжік қақтығысына кім кінәлі?

"Ханституция" vs Конституция: Жапаров Ақаев пен Бакиевтің ізін жалғай ма?

Қырғызстан экс-премьерін тергеу тоқтатылды