Қордай оқиғасына қатысы бар ағайынды 3 жігіт қамауға алынды

  • 18.02.2020
  • Malim Админ

7 ақпан күні полиция қызметкерлеріне қоқан-лоққы жасап, қарсылық көрсетіп, күш қолданған ағайынды үш жігіт ұсталды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Қордайдағы қақтығыс кезінде БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы таралған видеолар ішінде ең көп талқыланған осы ағайынды үш дүңген жігітінің полицияға шабуылы болды.

7 ақпан күні Жамбыл облысының Қордай ауданы Сортөбе ауылында Л.Воингуй есімді тұрғынды Honda Odyssey автокөлігімен келе жатқанда жол полициясы қызметкерлері тоқтатады. Бірақ, Воингуй тәртіпке бағынбай, полицияның талаптарын орындамайды.

"Көліктің құжаттары болмағандықтан, Л.Воингуйға полиция бөліміне бару ұсынылады. Алайда, ол полиция қызметкерінің талаптарын орындамай, үйіне қарай бет алған. Ол жақта ағалары А.Воингуй және М.Воингуймен бірлесіп, полицейлерге қарсы зорлық-зомбылық жасаған. Осы оқиғаның видеосы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде тарап кетті", - делінген ақпаратта.

Бас прокуратураның хабарлауынша, Қазір Қордай ауданының полиция қызметкерлеріне зорлық-зомбылық жасау ісі бойынша тергеу аяқталды. Айыпталушылар кінәсін толық мойындап, қамауға алынды. Енді олардың жағдайы Қордай аудандық сотында шешіледі.

Еске салсақ, 7 ақпандағы қақтығыс салдарынан 11 адам қаза болып, 185 адам жараланды. 39 тұрғын үй және 47 автокөлік өртенді. Қазір 25 қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр.

Фото: baribar.kz

Байланысты жаналықтар

Коронавирустан тоғызыншы адам қайтыс болды

10.04.2020

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 60-тан асты

23.03.2020

Әлеуметтік желідегі дүңген дауы

08.02.2020

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары ұсталды

10.09.2020

Министрлік бейбіт митингілер туралы заңдағы қателерге қатысты түсінік берді

15.05.2020

«Еңбектен» кәсіп тапқандар баршылық

22.08.2020