Журналист полицияның жарақаттағанын мәлімдеді

Олжас Қасым

  • 26.10.2020

Азаттық радиосының журналисті Сәния ТОЙКЕН полиция қызметкерінің өзін жарақаттағанын айтады. Әріптесіміз бұл тіпті үйреншікті жағдайға айналды дейді.

Сәния Тойкен 24 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласының оң жағалауындағы Кенесары хан ескерткіші маңына жұмыс барысымен барған. Ол жерде түрмеде отырған азаматтық белсенділердің туған-туыстары қолдан жасалған заттарын сатпақшы болған. Сол арқылы қудалаудағы белсенділерге қаржылай көмек жинамақшы болыпты. Алайда, шараға жиналғандарды әкімдік қызметкері митингі ұйымдастырушылар деп бағалаған.

«Азаматтық белсенділер бар-жоғы қолдан жасалған бұйымдарын сатуға шықты. Бірақ ол жерге жергілікті әкімдік өкілдері, полиция, арнайы автозак келді. Интернетті өшіретін құрылғыларын да алып келді. Мен журналистік жұмысымды жасап жаттым. Сосын тікелей эфирге шыққан едім. Штаттағы адам қолымдағы телефонымды тартып алды. Бұның не деп ұмтылып едім, кеудемнен итеріп жерге жықты. Содан апыр-топыр басталып кетті. Мені полиция алып кетпекші де болды. Жұмыс кезінде ет қызумен түк байқалмады. Содан кейін аяғымнынң ауырғанын сездім. Ауруханаға барып тексерістен өттім. Дәрігерлер 102-ге хабарласты. Сөйтіп полицияға арыз жаздым», - дейді журналист МӘЛІМ КЗ сайтына.

Әріптесіміз журналистік қызметімізге кедергі келтіру мен полицияның күш қолдануы үйреншікті жағдайға айналғанын айтады. Алдағы күні прокуратураға арыз түсірмекші.

«Ішкі істер министрі Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВТАН жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Госман ЖАКИН мен басқа да полицейлерді осы жағдайға байланысты жауапқа тартуын талап етемін. Және бұл оқиғаны халықаралық ұйымдарға хабарлаймыз», - деп пікір білдірді халықаралық журналистер федерациясының басшысы Назира ДӘРІМБЕТ.

Сәния Тойкен 2007 жылдан бері Азаттық радиосында еңбек етіп келе жатыр. 2017 жылы журналист әйелдердің халықаралық қоры (IWMF) тағайындаған "Журналистикадағы батылдығы үшін" сыйлығын иелен еді.

 Фото: azattyq.org

Байланысты жаналықтар

Бас прокуратура Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты мәлімдеме жасады

20.03.2024

Жоғалған 3 жасар қыз әлі табылмады 

20.03.2024

Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды азаптаған полиция қызметкерлері сотталды

19.03.2024

Түркістанда құдыққа құлаған қыз ес-түссіз күйінде шығарылды

18.03.2024

Енді тәртіп бұзған қазақстандықтардың кешірім сұраған видеосы түсірілмейді

18.03.2024

Полицейлер қыз зорлады 

20.11.2023
MalimBlocks
Бас прокуратура Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты мәлімдеме жасады

Мәлімдемеде экс-министрден жауап алынғаны айтылған.

Жоғалған 3 жасар қыз әлі табылмады 

Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды азаптаған полиция қызметкерлері сотталды

Түркістанда құдыққа құлаған қыз ес-түссіз күйінде шығарылды

Енді тәртіп бұзған қазақстандықтардың кешірім сұраған видеосы түсірілмейді

Оның орнына қоғамдық жұмыстарды қалай орындап жатқаны көрсетіледі. 

Полицейлер қыз зорлады 

Алматы облысында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен екі полиция қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz сайты Тіл кеспек жоқ телеграм-арнасына сілтеме жасап.