Нығматулин қайда болса, Махаев сонда

Malim Админ

  • 26.10.2020

Махаев Нығматулиннің қасында өсіп келеді.

Бүгін мәжіліс аппаратының басшысы болып Дастан МАХАЕВ тағайындалды. Төменгі палатаның спикері Нұрлан НЫҒМАТУЛИН мәжілістің бюро отырысында жаңа басшыны таныстырды. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ сайты хабарлайды.

Иә, Нығматулин Махаевты таныстырды. Таныстырды деген аты ғана. Өйткені Дастан РАМАЗАНҰЛЫ мәжілісмендерге етене таныс. Биылғы жылдың сәуір айында ғана Махаев мырза осы мәжілістен басқа қызметке ауысқан еді. Мәжіліс аппараты басшысының орынбасары болған Дастан Махаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып ауысқан-ды. Енді араға алты ай салып өз ортасына қызметі бір сатыға көтеріліп оралып отыр.

Жалпы, Махаев мырза үнемі Нұрлан Нығматулин жүрген жерде жүреді. Нұрлан ЗАЙРУЛЛАҰЛЫ 2009 жылы «Нұр Отан»  партиясы төрағасының бірінші орынбасары болғанда осы Махаев оның көмекшісі болды. 2014-2016 жылдары Нұрлан Нығматулин президент әкімшілігін басқарып тұрғанда  Махаев президент әкімшілігінің секретариат меңгерушісі болған еді. Нығматулин қалай кетті ол да соңына ере түскен. 2016 жылы дәл осы Махаев Нұрлан ағасының қолынан «Құрмет» орденін алғаны да бар.

Байланысты жаналықтар

Партиялық тізім, 30% квота және саяси құлдық

23.04.2020

42 500: ЕЦҚ кілтін алу және онлайн өтініш беру (видео)

31.03.2020

Тоқаевтың бір жылы: Шындықтан қаша алмадық

18.03.2020

Медицина мифтері: Әйелдер еркектерден көп сөйлей ме?

08.03.2020

ТОП шенеуніктердің ақылы қайда қалды?

19.04.2020

Кестеші қыз (грек ертегісі)

30.03.2020
MalimBlocks
Партиялық тізім, 30% квота және саяси құлдық

42 500: ЕЦҚ кілтін алу және онлайн өтініш беру (видео)

Тоқаевтың бір жылы: Шындықтан қаша алмадық

Медицина мифтері: Әйелдер еркектерден көп сөйлей ме?

ТОП шенеуніктердің ақылы қайда қалды?

Кестеші қыз (грек ертегісі)