Алексей Цой Нұрлан Нығматулиннің сынына жауап берді

Елнұр Бақытқызы

  • 05.05.2021

Бүгін онлайн брифингіге шыққан денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәжілісте өзіне айтылған сынға жауап берді. Алексей Цойдың айтуынша, елдегі вакцинация дұрыс қарқынмен жүріп жатыр, бастапқы кезеңде вакцинацияны жылдам жүргізудің қажеті жоқ. Бірақ депутаттардың сынын да назарға алатынын жеткізді.

"Денсаулық сақтау министрлігінің мақсаты – халықты ақпараттандырып, түрлі мәлімет беру. Атап айтқанда, доза саны, аймақтар бойынша ауру жұқтырғандар саны тәрізді мәліметтерді береміз. Өйткені бізден мұны сұрап жатады. Халыққа жеткізгіміз келетін, өзіміз маңызды деп есептейтін және вакцинацияның процесін көрсететін сандарға басымдық береміз. Әрине, жұмысты түзеу керек болса, депутаттардың сынын қабылдап, назарға аламыз. Кейде уақыт жетпей жатады. Бірақ бұны негізге алып, жұмыс істеп, жетілдіреміз", - деді Алексей Цой.

Бүгін түске дейін мәжіліске келген денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды сұрақтың астына алған депутаттар вакцинаның неше дозасын салған адамды егілген деп санауға болатынын нақтылаған. Бұған Алексей Цой вакцинаның екі компонентін салған адамды егілген деп санауға болатынын айтты.

Мәжіліс спикері Цойға екі дозаның арасы бірде 21, енді бірде 45, орынбасарыңыз тіпті 90 күн деп айтты, халықтың басын қатырып біттіңіз деп сынады.

Ал депутат Артур Платонов вакцинацияның өте баяу екенін айтып, Цойға отставка туралы сұрақ қойған.

Дегенмен Алексей Цой вакцинация баяу жүріп жатыр деген уәжбен келіспейді.

"Вакцинация заңды, ақылға қонымды қарқынмен жүріп жатыр. Қазақстан вакцина салдырған азаматтардың саны жөнінен әлемде 57-орында.  Бұл жақсы көрсеткіш, қалыпты қарқынмен келе жатырмыз. Егер бастапқы кезеңде асықтырсақ, халық вакцинациядан теріс айналуы мүмкін. Бәрін түсіндіріп, жүйені, вакцина салатын пунктерді, медицина қызметкердерін, вакцина сақтайтын жерлерді, бүкіл логистиканы дайындау керек", - деді ол.

 

Байланысты жаналықтар

Бұрынғы үкімет жетекшісі Асқар Мамин Өзбекстанда төбе көрсетті

13.04.2023

Kaspi.kz  Денсаулық сақтау және Цифрландыру министрлігі  анықтама алу сервисін іске қосты

27.09.2022

Денсаулық сақтау министрі міндетін атқару Бүркітбаевқа жүктелді

20.12.2021

Алексей Цой қызметінен босатылды 

20.12.2021

Жағымды сценарий жүзеге асып жатыр - Цой

14.12.2021

Цой азық-түлікке қанша жұмсайтынын айтты

08.12.2021
MalimBlocks
Бұрынғы үкімет жетекшісі Асқар Мамин Өзбекстанда төбе көрсетті

Асқар Мамин Қазақстан хоккейшілерін Ташкентте марапаттады

Kaspi.kz  Денсаулық сақтау және Цифрландыру министрлігі  анықтама алу сервисін іске қосты

Kaspi.kz Цифрландыру министрлігімен және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жаңа сервисті іске қосты.

Денсаулық сақтау министрі міндетін атқару Бүркітбаевқа жүктелді

Алексей Цой қызметінен босатылды 

Жағымды сценарий жүзеге асып жатыр - Цой

Цой азық-түлікке қанша жұмсайтынын айтты